Об определении целевых групп населения и дополнительных мер по содействию их занятости и социальной защите в 2010 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения и дополнительных мер по содействию их занятости и социальной защите в 2010 году
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2010 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 281/8
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2011 AI51657_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PA000153
- ЭКБ идентификаторы
- 51657
- Редакция идентификаторы
- AI51657_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:53
0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2010 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан әйелдер;
3 3) 55 жастан асқан ерлер;
4 4) толық 25 жасқа дейінгі жастар;
5 5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6 6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7 7) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) тұлғалар;
8 8) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
1 1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге; дәрігерлік–консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға;
14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға; асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға; зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғаларға (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізілсін;
2 2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
3 3) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік–консультациялық комиссияның аңықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін;
4 4) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім-шарттар жасалсын;
5 5) оқу мерзімінде қоғамдық көлікте жүруге, тамаққа арналған шығындарды қоса алғанда жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға қаланың оқу орындарымен (келісім бойынша) келісім-шарттар жасалсын.
Кәсіби оқуға арналған ақы курстардағы оқуға қатысқан нақты уақытқа жұмыс уақытың есепке алудың табелдеріне сәйкес жүргізілсін.
3
3. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге уақытша әлеуметтік жұмыс орны құруға тапсырыс берген кез-келген нысандағы жеке меншік кәсіпорындар және ұйымдарымен келісім-шарты жасалсын.
Жұмысқа қатысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушінің жартылай өтемақы шығындарын қалалық бюджет есебінен ең төменгі жалақының бір жарымға дейін мөлшерін құрайды.
Жұмыс беруші жағынан қаржыландыру үлесі "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мен жұмыс беруші арасында жасалған келісім-шартпен анықталады.
4 4. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
5
5. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-132 тіркелген, 2009 жылғы 10 ақпандағы "Сарыарқа самалы" № 17 газетінде, 2009 жылғы 9 ақпандағы "Версия" № 5 газетінде жарияланған) № 24/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.