Құжат мәтініне өту

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2010 году

Өзге акт · № С-24/5 · қабылданған 26.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-51689/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2010 году Күшін жойған Өзге акт ·№ С-24/5 ·26.02.2010
12.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2010 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-24/5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2010 году
Атауы (қаз.)
Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-24/5
Қабылданған күні
26.02.2010
Көрсетілген редакция
12.04.2012 51689_200403.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BR000109
ЭКБ идентификаторы
51689
Редакция идентификаторы
51689_200403
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:54

0 Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына 2010 жылы ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) ортажандық кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) – айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы мөлшерінде;

2 2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлер, гетто және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2 2. Уәкілетті орган – Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қызмет көрсетулер төлемі «Қазпошта» акционерлік қоғамымен және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасындағы жасалған шарт негізінде заңмен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

4

4. Шортанды аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 18 ақпанындағы № С-13/3 «2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-67 тіркелген, 2009 жылдың 21 наурызында № 11 «Өрлеу» және 2009 жылдың 21 наурызында № 11 «Вести» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға таралады.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі С.Қамзебаев
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж.Мұнтаева
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы О.Мут

Қолданыстағы