О предоставлении бюджетного кредита и подъемного пособия специалистам здравохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2010 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении бюджетного кредита и подъемного пособия специалистам здравохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет жіәе спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 31.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2011 51710_182303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CI000120
- ЭКБ идентификаторы
- 51710
- Редакция идентификаторы
- 51710_182303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:40
0 2010 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет жіәе спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға алты жүз отыз еселік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың «Мұғалжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2009 жылға көтерме жәрдемақы беру туралы» 2009 жылғы 25 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-9-103 санымен тіркелген және 2009 жылғы 5 тамыздағы № 36 аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.