О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района на 2010 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға арналған ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 70/2
- Қабылданған күні
- 17.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2013 51802_213607.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PH000085
- ЭКБ идентификаторы
- 51802
- Редакция идентификаторы
- 51802_213607
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:46
0 2010 жылға арналған ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" № 2247 Заңына сәйкес, Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XIX кезекті сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" № 1/19 шешіміне, аудан мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың мынадай санаттары бекітілсін:
1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
2 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері;
3 3) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль АЭС-нда апат зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;
4 4) Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерге қатысқан тұлғалар;
5 5) "Құрметтi азамат" атағы бар тұлғалар;
6 6) ауданға жолдамамен жұмысқа келген жас мамандар-дәрігерлер;
7 7) салалы министрлiктердiң, департаменттердiң, жоғары оқу орындарының жолдамасымен ауданға жұмысқа келген жоғары оқу орны және колледждер түлектері - жас мамандар;
8 8) жоғары медициналық оқу орындарының ақырғы курсында оқитын студенттер;
9 9) жоғары оқу орындарындағы оқуына төлеуге және стипендияға облыс әкімі грантына ие аз қамтамасыз етілген отбасылардан студенттер және жетім–студенттер;
10 10) I топтағы жалғыз басты мүгедектер;
11 11) жалғызілікті және жалғыз тұратын (ерлі-зайыптылардың біріне немесе бірге тұратын) еңбекке жарамсыз азаматтар және зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлер;
12 12) онкологиялық ауруларға және адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруына шалдыққан тұлғалар;
13 13) туберкулез ауыруына шалдыққан тұлғалар;
14 14) гемофилия, лейкемия ауыруларына шалдыққан тұлғалар;
15 15) балаларды қорғау күніне орай мүмкіндіктері шектеулі балалар;
16 16) балаларды қорғау күніне орай жетім балалар;
17 17) балалардың орталық жүйкесі сал (ДЦП) ауыруына шалдыққан 18-жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
18 18) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға аз қамтамасыз етілген отбасылар;
19 19) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
20 20) "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) қайтыс болған уақытта есепте тұрған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырушы тұлғалар;
21 21) жүктілігі бойынша есепке уақытында тұрған, УДЗ скринингінен өткен және дәрігердің барлық нұсқауларын орындайтын жүкті әйелдер;
22 22) гемофилия диагнозы бар мүгедек-бала;
23 23) республиканың медициналық мекемелеріне барып-қайтуына және тұруына мүгедек-балалар;
24 24) жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз азаматтар;
25 25) мини-орталықта және балабақшадағы балаларға ата-аналардың төлемі бойынша шығынын қайтару үшін аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар;
26 26) қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балалары бар бала тамағына аз қамтамасыз етілген отбасылар;
27 27) төтенше жағдайға тап болған (өрт, айдан аса ұзақ ауру және басқа), күнкөріс шегінен ең төмен орташа табыспен, өткен жылы әлеуметтік төлем алмаған тұлғалар;
28 28) құжаттандыру үшін маргиналды топтағы тұлғалар;
29 29) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдері.
2 2. Әлеуметтік көмек алу үшін Бөлімге осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша мына құжаттарды ұсыну қажет:
1
1) 1-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін, дәрі-дәрмек алуға және тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынға төлем үшін, электр жылуды орнатуға біржолғы материалдық көмек үшін, жылу беру маусымы кезеңіне электр жылу жөніндегі шығындарды төлеуге материалдық көмекті ай сайын төлеу үшін, газет жаздыруға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облыстық филиалының Республикалық қазынашылық кәсіпорны Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
2
2) 2, 3, 4-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметті қайтаруға ай сайынға төлем үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облыстық филиалының Республикалық қазынашылық кәсіпорны Качир ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
3
3) 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн денсаулығын сауықтыруға тоқсан сайынғы материалдық көмек, сондай-ақ Ауғаныстандағы әскери әскерлерді шығару Күніне және Чернобыль АЭС-ндағы апат зардабын жою күніне орай бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Павлодар облыстық филиалының Республикалық қазынашылық кәсіпорны Качиры ауданы бөлімшесімен (келісім бойынша) ұсынатын тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізімі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірі;
4
4) 5-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген (жинақ кітапша көшірмесі) осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тіркеу кітабының көшiрмесi, "Құрметті азамат" атағын растайтын құжат (немесе аудандық мәслихаттың куәландырған тізімдері);
5
5) 6, 7-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлiгi, диплом көшiрмелері салалы министрліктер, департаменттер, жоғары оқу орындарының жолдамалары, маманды ұйымға жұмысқа алғандығы туралы бұйрықтан көшірме, жеке шарты;
6 6) 8-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарт;
7
7) 9-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмесі, білім беру қызметін көрсету үшін Качир ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойылған үш жақты келісім шарт. Әлеуметтік-тұрмыс жағдайын тексеру актілері және оқуын төлеу үшін жиынтық табыс туралы мәлімет әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде бір рет ұсынылады;
8 8) 10, 29-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгi, алушы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмелері;
9
9) 11-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгiнiң көшірмесі, материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі, зейнеткер куәлігінің көшірмесі (ең аз мөлшердегi зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін);
10 10) 12, 13, 14-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмелері, медициналық мекемеден анықтама;
11 11) 15-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен салыстырылған тізімге сәйкес дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген студенттің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмесі;
12 12) 16-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир аудандық білім бөлімінің салыстырған тізіміне сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген қамқоршының немесе бала мүддесін қорғайтын тұлғаның өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгiнің көшірмелері;
13 13) 17-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн мүгедек баланың ата-анасы біреуінің дербес есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабының, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлігінің, бала мүгедектігін растайтын құжаттың көшірмелері,туу туралы куәлігі;
14
14) 18-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты (жинақ кітапша көшірмесі) көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының, СТТН, ЖӘК, жеке басы куәлігінің көшірмесі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, тұрғын үй жағдайын тексеру актісі, қосалқы шаруашылығын алып-сату туралы қолхаты;
15 15) 19-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмесі, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандығы туралы анықтама;
16 16) 20-тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, жеке куәлігінің көшірмесі, жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама, жерлеу туралы анықтама, қайтыс болғандығы туралы анықтама және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
17 17) 21-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн медициналық мекеме анықтамасына сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi, ЖӘК көшірмесі;
18 18) 22-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген мүгедек-баланың ата-анасы біреуінің өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлiгi, бала мүгедектігін растайтын құжаттың, бала туу туралы куәлігінің көшірмесі;
19
19) 23-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқығы бар тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігі, бала мүгедектігін растайтын құжаттың, бала туу туралы куәлігінің көшірмесі, қолданылған билеттер немесе жол ақысын растайтын құжат, тұрғандығы туралы түбіртек;
20 20) 1, 3, 4-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, жеке куәлiгi көшірмесі, алушы мәртебесін растайтын құжат көшірмесі, шығынды растайтын медициналық мекеменің анықтамасы;
21 21) 24-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмесі, оқу мерзімін растайтын құжат;
22
22) 25-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімі және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты;
23 23) 26-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТТН, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, орталық аудандық аурухана тізімі;
24
24) 27-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшiн осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, азаматтарды тіркеу кітабы, СТТН, ЖӘК, жеке куәлігінің көшірмесі, тиісті органның (аудандық ішкі істер бөлімі, өрт сөндіру бөлімшесі, медициналық мекеме және басқа) өрт, ауруы және басқа туралы анықтамасы, барлық отбасы мүшелерінің табыстары туралы анықтама;