Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Кызылжарского района на 2010 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Кызылжарского района на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/11
- Қабылданған күні
- 31.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2011 51833_192197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SH000122
- ЭКБ идентификаторы
- 51833
- Редакция идентификаторы
- 51833_192197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:40
0 2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШТІ:
1 1. 2010 жылы Қызылжар ауданның жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек берілсін:
1
1) Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге тапсырылған есеп-фактура бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) жылында бір рет;
2 2) Ай сайын 400 теңге көлемінде монша мен шаштараз қызметтеріне баруға Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне.
3 3) өтініш және оқу мекемесімен жасалған шарты негізінде, күндізгі оқуда оқып жатқан аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге, жетім-студенттерге, оқу құны мөлшерінде, жылына бір рет оқуға төлеу.
2 2. Белгіленсін:
1
1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерге монша мен шаштараз қызметтеріне айсайнғы әлеуметтік көмек тапсырылған арызы айынан жарияланады және арыз берушінің қайтыс болғанына әлде оның ауданнан шығып кетуіне байланысымен тоқтатылады. Осы белгіленген жағдайлар болған айдың, келесі айынан бастап төлемдер тоқтатылады;
2
2) тістерді протездеуге әлеуметтік көмек, тістерді протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылады, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаржылар мөлшерінде;
3 3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражаттарды алушының дербес шотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банкілік операцияларға сәйкес түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы ауыстырумен жүзеге асырылады;
4 4) әлеуметтік көмекті қаржыландыру, қаржылық жылы осы мақсаттарға қарастырылған 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек» шығыстардың функционалдық сыныптастыру коды бойынша, жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
3 3. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан пайда болған, құқықтық қатынасқа таратылады.
4 4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қызылжар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Н. Сұлтанғазин