Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Жамбылского района на 2010 год

Өзге акт · № 23/2 · қабылданған 31.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-51836/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Жамбылского района на 2010 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 23/2 ·31.03.2010
03.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Жамбылского района на 2010 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23/2 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан Жамбылского района на 2010 год
Атауы (қаз.)
2010 жылы Жамбыл ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/2
Қабылданған күні
31.03.2010
Көрсетілген редакция
03.04.2013 51836_192216.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SG000124
ЭКБ идентификаторы
51836
Редакция идентификаторы
51836_192216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:40

0 2010 жылы Жамбыл ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/1 шешімін іске асыру мақсатында аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:

1 1. Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1. Жамбыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін 500 теңге сомасында ай сайын;

2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге, ұсынылған шот-фактура құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металл-пластикадан, метал-керамикадан, металл-акрилден протездерден басқа) жылына бір рет;

3

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; жеңілдіктер және кепілдіктермен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; жеңілдіктер және кепілдіктермен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына; Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің екінші қайта некеге тұрмаған жесірлеріне; Кеңес Одағының Батырларына; үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне; Социалистік Еңбек Ері және «Халық Қаһарманы» атағын алған тұлғаларға; Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қайсарлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; Қазақстан Республикасы алдында айрықша еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткер болып табылатын тұлғаларға; мүгедектерге; 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарынан тұлғаларға, көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасындағы шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілгендерге (өз еріктерімен шығып кеткендерге) санаторлық-курорттық емделуге жылына бір рет жолдама құны мөлшерінде.

2 2. Анықталсын:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға бару үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш түскен айдан бастап тағайындалатыны және өтініш берушінің қайтыс болуына байланысты немесе ауданнан тысқары кеткеннен тоқтатылатыны. Төлем нұсқалған жағдайлар басталған айдың келесі айынан тоқтатылады;

2

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге әлеуметтік көмек лицензиясы бар медицина ұйымында ұсынылған шот-фактура құны мөлшерінде (бағалы металлдардан, металл-пластикадан, металл-керамикадан, металл-акрилден протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылатыны;

3 3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер банктік операция түрлеріне тиісінше екінші деңгейлі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйым арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына есептелінген ақшалай қаражаты аудару жолымен жүзеге асырылатыны;

4 4) әлеуметтік көмекті қаржыландыру сыныптаудың шығындар сыныптамасының «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451.007.000 коды бойынша өндірілетіні.

3 3. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

4 4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
А. Дюсембин

Қолданыстағы