Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Габита Мусрепова на 2010 год

Өзге акт · № 17-4 · қабылданған 31.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52132/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Габита Мусрепова на 2010 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 17-4 ·31.03.2010
20.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Габита Мусрепова на 2010 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17-4 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Габита Мусрепова на 2010 год
Атауы (қаз.)
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына 2010 жылда әлеуметтік жәрдем көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17-4
Қабылданған күні
31.03.2010
Көрсетілген редакция
20.12.2010 52132_189339.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SE000109
ЭКБ идентификаторы
52132
Редакция идентификаторы
52132_189339
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:40

0 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына 2010 жылда әлеуметтік жәрдем көрсету туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік жәрдем көрсету:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштаразға баруға 400 теңге мөлшерінде ай сайын;

2 2) Ұлы Отан соғысы қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша оларға теңестірілгендерге тіс протездеуге әлеуметтік көмек берілген шот-фактурасына сәйкес (құнды металдар мен металло-керамикалық протездерден басқа) жылына бір рет тағайындалады;

3

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға жылына бір рет жолдама құнына сай санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек;

4

4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар; І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер; «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері құрметті атағына ие болған адамдарға жылына бір рет жолдама құнына сай экскурсиялық сапар шегуге.

2 2. Анықтау:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне моншаға баруға және шаштараз қызмет үшін ай сайынғы әлеуметтік қөмек өтініш берген айынан тағайындалады және қайтыс болуына немесе ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты тоқтатылады. Аталмыш оқиғалар туған жағдайда төлемдер айдан кейінгі айда тоқтатылады;

2

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ мәртебесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға тіс протездеуге әлеуметтік көмек, лицензиясы бар медициналық мекемесімен іске асады, тіс протездеу құны (құнды металдар мен металло-керамикалық протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаржы мөлшерде;

3 3) Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің ақша қаражаты екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы алушының есеп шотына аудару жолымен іске асады, сәйкес банктік операциялар түрлерін жасай алтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензиясының болуы.

3

3. 451-007-000 «Жергілікті өкілетті орган шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік жәрдем көрсету» бағдарламасы бойынша аудан бюджетінде қарастырылған қаржы мөлшерінде жергілікті өкілетті орган шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік жәрдем көрсету бойынша қаржыландыру шараларын қамтамасыз ету.

4 4. Берілген шешім 2010 жылғы 1 қаңтарда пайда болған құқықтық қатынасқа қолданылады.

5 5. Осы шешім он күнтізбелік күн өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы
Н. Барақаев
9 сәуір 2010 жыл

Қолданыстағы