Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года

Қаулы · № 192 · қабылданған 21.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52141/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·21.04.2010
21.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан мужского пола Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории Есильского района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
21.04.2010
Көрсетілген редакция
21.04.2010 AI52141_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SF000146
ЭКБ идентификаторы
52141
Редакция идентификаторы
AI52141_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:21

0 Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Занының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, 23-бабы 1-тармағына, 44-бабына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысының және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жасы он сегізден жиырма жетіге дейін, шақырылудан мерзімін шегеру және босату құқығы жоқ, сонымен қатар оқу орындарынан шығарылған, жасы жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызмет мерзімін өткермеген азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін жинақтау үшін Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2010 жылғы сәуір маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Шақыруды ұйымдастыру үшін аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3 3. Селолық округ әкімдері медициналық куәландырудан өтуге шақырылатындардың келуін және әскери қызметін өтеу үшін жіберілуді қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Явленка орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру комиссиясы жіберген азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін ұсынылсын:

1 1) комиссияны тәжірибелі дәрігер мамандардан, медициналық қызметшілерден жинақтасын, сонымен қатар мүліктермен және құралдармен қамтамасыз етсін;

2 2) рентген кабинетінің, функционалдық диагностика кабинетінің, анализ тапсыру зертханасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

3 3) шақыру комиссиясы жіберген азаматтарды медициналық тексеру үшін орындар қарастырсын:

терапевттік бөлімшеде – 5 орын;
хирургиялық бөлімшеде – 5 орын.

5 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы мақсатқа бөлінген ассигнованиелердің мөлшерінде аудандық бюджет қаражаттары есебінен, азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралардың шығындарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Есіл ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (Р.С. Елжасов) шақырылу уақытында материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін:

1 1) техникалық жұмысшылардың үш штаттық бірлігін (іс жүргізушілерді) жұмысқа қабылдасын;

2 2) шақырылушыларды тасымалдау үшін көлік жалдауды қамтамасыз етсін.

7 7. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу үшін облыстық жинақтау пунктіне шақырылушыларды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

8

8. «Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 118 қаулысының күші жойылды деп танылсын мемлекеттік (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 14 мамырдағы № 13-6-115 тіркелген, «Ишим» газетінде 2009 жылғы 5 маусымдағы № 24 (8432) жарияланған).

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы (СҚО ЕАҚІБ)
Сүлейменов Сағындық Әбдірахманұлы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
«Явленка орталық аудандық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері
(ҚРДМ СҚОӘ ШЖҚ КМК)
Есдәулетов Төлеген Төлеуұлы
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
(СҚО ЕАІІБ)
Ыбыраев Асқар Балтабекұлы

16 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 192 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру қомиссиясының құрамы
Сүлейменов
Сағындық Әбдірахманұлы
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл
ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бөлiмі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, шақыру
комиссиясының төрағасы (келісім
бойынша)
Мүженбаев
Орал Заеденұлы
аудан әкімі аппаратының
азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар жөніндегі бас маманы,
комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Рамазанов
Марат Қойшыбайұлы
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл
ауданының ішкі iстер бөлiмі»
мемлекеттік мекемесі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Допира
Татьяна Юрьевна
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің
«Явленка орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны
емханасының меңгерушісі,
медициналық комиссияның төрайымы
(келісім бойынша)
Цыганова
Ольга Николаевна
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Солтүстік
Қазақстан облысы әкімдігінің
«Явленка орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны
емханасының мед бикесі,
комиссияның хатшысы (келісім
бойынша)

Қолданыстағы