О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 07/01
- Қабылданған күні
- 01.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2010 AI52191_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KN000120
- ЭКБ идентификаторы
- 52191
- Редакция идентификаторы
- AI52191_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:38
0 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, және 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2 2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Ауыл және кент әкімдері:
1 1) 2010 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1983-1992 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
2 2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.
4 4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
5 5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін.
6 6. Нұра ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қанат Ісләмұлы Әпеков - келісім бойынша):
1 1) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;
2 2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.
8
8. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (2009 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу N 8-14-95) N 05/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Г.Қ. Досполова
01 сәуір 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.О. Еспаев
01 сәуір 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Ш. Жолболдин
01 сәуір 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
Қ.І. Әпеков
01.04.2010 жыл
15 Қосымша
аудан әкімдігінің
2010 жылғы 1 сәуірдегі
N 07/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
1 1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия төрағасы,
Нұра ауданының қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
2 2. Гизатулин Фаниль Фанауивич - комиссия төрағасының орынбасары,
аудан әкімі аппаратының азаматтық
қорғаныс және төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманы
3 3. Девайкина Елена
Владимировна - комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
4 4. Протасенко Константин Викторович - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
5 5. Әбішева Жанар
Әшірбайқызы - аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)