О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Кызылжарского района в 2010 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Кызылжарского района в 2010 году
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/8
- Қабылданған күні
- 31.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2011 52214_192193.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SH000126
- ЭКБ идентификаторы
- 52214
- Редакция идентификаторы
- 52214_192193
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:40
0 2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қызылжар ауданының елді мекендеріне 2010 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, тұрғын үй сатып алу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ алты жүз отыз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
2 2. Қызылжар ауданының селолық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы өтiнiш беру кезiне жетпiс есептiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы берiлсiн.
3 3. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛГЕН:
«Қызылжар ауданының
ауыл шаруашылық бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
А. Қабдушев
«Қызылжар аудандық
экономика және бюджеттiк
жоспарлау бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
А. Фролова