Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года

Қаулы · № 170 · қабылданған 19.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52216/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года Күшін жойған Қаулы ·№ 170 ·19.04.2010
22.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 170 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
Атауы (қаз.)
Аудан аумағында 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
170
Қабылданған күні
19.04.2010
Көрсетілген редакция
22.06.2012 52216_196323.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SK000176
ЭКБ идентификаторы
52216
Редакция идентификаторы
52216_196323
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:24

0 Аудан аумағында 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 20, 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы бекітілсін.

3 3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Рафальский А.П.) (келісім бойынша):

шақыру комиссиясына жіберілген шақырушыларды медициналық тексеру үшін аудандық аурухананың терапевт және хирургия бөлімдерінде қажетті орындар саны қарастыру ұсынылсын;
аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны қажетті медициналық мүлікпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етсін;
аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен жасақтасын;
айнаға түсіру кабинетінің, анализ алу лабораториясының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

4 4. Тайынша қаласы мен селолық округтардың әкімдері:

шақырушылардың жиналуын қамтамасыз етсін және оларды шақыру учаскесіне жіберуді ұйымдастырсын;
шығарып салуды, учаскеге келу жолындағы тәртіпті және ұйымдастырылушылықты, шақыру комиссиясынан ауқытында өтуді және жедел әскери қызметке жіберуді қамтамасыз етсін;
облыстық бақылау комиссиясына бару үшін шақырушылардың көрсетілген санын сағат 7.00 де қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.

5

5. Тайынша қаласының әкімі хабардар етуді ұйымдастыру және шақырылушылардың жеке істерін ресімдеу, медициналық комиссиядан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарған шақырылушыларды іздеу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына орташа еңбек ақыларын сақтай отырып, қажетті жұмысшылар санынан қызметкер бөлсін.

6 6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Байқадамов Х.Ф.) (келісім бойынша) қоғамдық тәртіпті сақтау және шақырылушыларды шақыру комиссиясына шығарып салу және комиссия жұмысы кезінде учаскелік инспекторлармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Жаровқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді: 2010 жылғы 19 сәуір
Тайынша ауданы қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Е. Мұсақұлов
«СҚО ішкі істер Департаменті
Тайынша ауданы ішкі істер бөлімі»
ММ бастығы
Х. Байқадамов
«Тайынша Орталық аудандық ауруханасы»
ШЖҚ КМК бас дәрігері
А. Рафальский

9 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

19 сәуірдегі № 170 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мұсақұлов                 комиссия төрағасы, Тайынша ауданы
Ермұхаммед Оразбекұлы     қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
Қожабергенов              аудан әкімінің АҚ және ТЖ
Ахметжан Елеубайұлы       жөніндегі көмекшісі, комиссияның
төрағасының Орынбасары
Коноплева                 комиссия хатшысы, орталық аудандық
Лариса Викторовна         аурухананың медбикесі (келісім
бойынша)
Комиссия мүшелері:
Төлегенов                 аудандық ішкі істер бөлімі
Бейбіт Хамитұлы           бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Сүйіндікова               Тайынша аудандық аурухананың дәрігер-
Түлен Көшкенқызы          терапевті (келісім бойынша)

Қолданыстағы