2010 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 23.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2011 · қолданыстағы AI52241_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VJ000098
- ЭКБ идентификаторы
- 52241
- Редакция идентификаторы
- AI52241_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:19
0 2010 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 22, 23 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр - маусымында және қазан - желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 15 сәуiрдегi № 313 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3 3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды «Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігі» КҚМҚ директоры Т. Брынзова (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
2 2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3 3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырушылардың және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы тізімін, келесі мерзімді әскери қызметке шақыруда емделгендердің келуін қамтамасыз ету.
4 4. Аумақтық бірлік әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5 5. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А. Өмірзақов ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2010 жылдың 1 сәуірінен жұмысшыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын.
6 6. Жарма ауданының ішкі істер бөлім бастығы О. Өтепов (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1 1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
2 2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
3 3) шақыру медициналық комиссия кезінде тәртіпті ұстау үшін полиция нарядын бөлу.
7 7. «Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі № 106 «2009 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 мамырдағы № 5-10-80 болып тіркелген ) қаулысының күші жойылсын.
8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
9 9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жарма ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Ғ. Дайрабаев
22 сәуір 2010 ж.
Жарма ауданының ішкі істер
бөлім бастығы
О. Утепов
22 сәуір 2010 ж.
«Жарма ауданы бойынша №1
медицина бірлестігі» КМҚК
директоры
Т. Брынзова
22 сәуір 2010 ж.
16 1983-1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 150
қаулысына қосымша
1983-1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыруды жүргізу
жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
1. Ғалымсерік Битемірұлы Дайрабаев
ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
2. Томпаков Мейірқан Бейсембайұлы
қаржы-шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
3. Тоқтағанов Болатбек Өзбекұлы
ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
4. Шайза Рафағатқызы Даирова
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің дәрігері (келісім бойынша);
5. Айжан Қасымбайқызы Ахметова
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің медбикесі (келісім бойынша).