Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года

Қаулы · № 129 · қабылданған 15.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52303/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года Күшін жойған Қаулы ·№ 129 ·15.04.2010
08.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 129 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
129
Қабылданған күні
15.04.2010
Көрсетілген редакция
08.12.2011 AI52303_4.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NR000114
ЭКБ идентификаторы
52303
Редакция идентификаторы
AI52303_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:29

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 8-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай – ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге шақыру жөніндегі шараларды өткізсін.

3 3. Кент, селолар, селолық округтердің әкімдері:

1 1) кент, селолар, селолық округтердің әкімдері аппараттарының әскери – есепке алу столы мамандарының еріп жүруімен шақырудан өту үшін азаматтардың комиссияға келуін қамтамасыз етсін;

2 2) алынып тасталды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010.09.09 № 383 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

4 4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Таран аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) қолданылып жүрген заңнама шегінде, мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүргізсін;

2 2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетіндер арасында әскерге шақыру учаскесінің аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысы ұйымдастырылсын.

5 5. "Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап қолдану үшін таратылады.

КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысы
ішкі істер Департаментінің
Таран аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Т. Жаңғылышев
"Қостанай облысы Таран ауданының
қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi"
мемлекеттік мекемесiнің бастығы
______________ О. Имашев
Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Таран аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
______________ Н. Әбішев

Қолданыстағы