Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 26.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2011 · қолданыстағы 52386_204374.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CC000109
- ЭКБ идентификаторы
- 52386
- Редакция идентификаторы
- 52386_204374
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:18
0 Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18, 19, 20, 23, 44 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызметі мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке 2010 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақырылуын кейінге қалдыру құқығынан айрылған ересек жастағы азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:
Кусмамбетов
Серик Жексенбаевич
- Алға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Досымов
Бауыржан Әбдіғалиұлы
- Алға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, заңгер
Комиссия мүшелері:
Жақыпов
Бақыт Темирбайұлы
- Алға аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Рущук
Ирина Ивановна
- Алға аудандық орталық ауруханасының дәрігер терапевт
Примжанова
Лаура Отарбекқызы
- Алға аудандық орталық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы
3
3. Қала,селолық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың басшылары, әскер қатарына шақырылғандарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыруымен хабардар етіп және шақырылушыларды жұмыстан, оқудан босатып және іс-сапарлардан кері шақырып алуды ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
4 4. «Алға аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорынынан (С. Тәженов) шақыру комиссия өтер кезеңінде, шақырылушыларды медициналық куәландыру дайындығы үшін № 1 қосымшаға сәйкес жоғарғы жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлерді бөлуі сұралсын.
1 1) Маман дәрігерлерді орта медициналық қызметкерлер құрамымен қамтамасыз ету;
2 2) Шақыру мерзімі кезінде (2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында) емдеу мекемелері үш күн ішінде стационарлық емдеудегі шақыру жасына жеткен азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлап тұруды қамтамасыз ету сұралсын.
5 5. «Алға аудандық ішкі істер бөлім» ММ-сі (Н. Өрісбаев)
1 1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ақпарат берсін;
2 2) шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
3 3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелуді қамтамасыз етсін;
6 6. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т. Төлегенов) азаматтардың әскери қызметке шақырылуына байланысты шығындарды жергілікті бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде қаражат бөлу жүктелсін.
7 7. Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Б. Сәбетов 2010 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанына дейін аталған қаулының орындалғаны жөніндегі Алға ауданының әкіміне және Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақпарат тапсырсын.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. С. Ағниязовқа жүктелсін.
9 9. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
15 Алға ауданының әкімдігінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі № 123
қаулысына № 1 қосымша
Тіркеу комиссиясы кезінде әскер қатарына шақырылатындарды медициналық куәландыратын маман-дәрігерлер мен орта медициналық құрамының тізімі:
1 1. Дәрігер-хирург М. Шакиров
2 2. Дәрігер-терапевт А. Марқабаева
3 3. Дәрігер-отаринголог К. Хасанов
4 4. Дәрігер-психиатр Ф. Исмаилова
5 5. Дәрігер-невропатолог С. Құщанова
6 6. Дәрігер-стоматолог Ә. Қоразова
7 7. Дәрігер-дерматолог Р. Зайнуллин
8 8. Көз дәрігері К. Мұратбаев
9 9. Дәрігер-нарколог К. Нұрғалиева
10 10. Дәрігер-рентгенолог А. Есенғалиев
11 11. Медбике Г. Бисенбаева
12 12. Медбике Н. Кушекбаева
13 13. Лаборант К. Әбіляшева
14 14. Лаборант Б. Игельманова
15 15. ЭКГ кабинеті С. Нұрпаева
Тіркеу комиссиясы кезінде азаматтарды куәландыруға қажетті құрал-жабдықтардың, медициналық шаруашылық мүліктердің тізімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің № 100-2005 жылғы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің № 117-2005ж. бірлескен бұйрығына сәйкес бөлінсін.