Қолданыстағы ред. 22.04.2010

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы от 22.04.2010 г. № 82 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2

2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.

3

3. "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:

1

1) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;

2

2) әскери қызметтен өту үшін жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу бойынша іс-шараларын ұйымдастырсын.

4

4. Ауыл, село және селолық округтердiң әкiмдерi "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру және медициналық комиссияларына әскерге шақырушылардың уақытылы келулерін хабардар етілуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

5

5. Науырзым ауданы әкімдігінің "Атамекен" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорны аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.

6

6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және команданы жөнелту кезінде ұсынылсын:

1

1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;

2

2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлсін.

7

7. "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

9

9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың сәуірінен бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер Департаменті Науырзым ауданының
iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнің бастығы
__________________ О. Жанатов
22 сәуір 2010 жыл
"Қостанай облысы Науырзым ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Е. Смағұлов
22 сәуір 2010 жыл