Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметтен өту үшін жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу бойынша іс-шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ауыл, село және селолық округтердiң әкiмдерi "Қостанай облысы Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру және медициналық комиссияларына әскерге шақырушылардың уақытылы келулерін хабардар етілуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Науырзым ауданы әкімдігінің "Атамекен" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорны аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және команданы жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлсін.
Тармақ 7
7. "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың сәуірінен бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер Департаменті Науырзым ауданының
iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнің бастығы
__________________ О. Жанатов
22 сәуір 2010 жыл
"Қостанай облысы Науырзым ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Е. Смағұлов
22 сәуір 2010 жыл