Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қаулы · № 111 · қабылданған 16.04.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52601/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста 16.04.2010 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қолданыста Қаулы № 111 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
111
Қабылданған күні
16.04.2010
Қолданысқа енгізілген күні
28.05.2010
Көрсетілген редакция
16.04.2010 · қолданыстағы AI52601_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10GD000088
ЭКБ идентификаторы
52601
Редакция идентификаторы
AI52601_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:24
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 - бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Садыбеков Ғалымжан Үшкемпірұлы
- «Жамбыл облысы Жуалы ауданының  қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша);
Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Ордабаев Есім Жанысбекұлы
- «Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Мамедов Жамшид Абас-оглы
- «Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігер – хирургі, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша);
Байжиенова Жібек Құдайбергенқызы
- «Жамбыл облысы әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

3. «Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін.