Құжат мәтініне өту

2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қаулы · № 79 · қабылданған 26.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52789/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 79 ·26.04.2010
24.05.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 79 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
26.04.2010
Көрсетілген редакция
24.05.2011 · қолданыстағы 52789_176690.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TD000165
ЭКБ идентификаторы
52789
Редакция идентификаторы
52789_176690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:17

0 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 23, 44-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және облыс әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 84 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысын іске асыру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданның шақыру күніне дейін 18 жасқа толатын 1992 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1983-1992 жылы аралығында туған азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Жастарды әскери қызметке шақыру комиссиясы құрылсын ( 1-қосымша).

3 3. Комиссия құрамына әскер қатарына шақырылушылардың тұрмыстық денсаулық жағдайына толық талдау жасау ұсынылсын.

4 4. Селолық округ әкімдеріне:

1 1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;

2

2) әскерге шақырылушыларды тұрғылықты орнынан аудандық шақыру пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай - тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасымен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп, әкелуді қамтамасыз етсін;

3 3) Тұщықұдық, Исатай, Забурын, Қамысқала, Жанбай, Нарын селолық округіндегі әскерге шақыртушыларды 9 сәуір мен 9 тамыздан бастап алдын ала медициналық байқауға және аудандық медициналық комиссиясына жеке автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастырсын.

5 5. Аудандық орталық аурухана әкімшілігіне (С. Айдаралиев – келісім бойынша):

1 1) аудандық дәрігерлік комиссия құрамына тиісті дайындығы бар, тәжірибелі маман дәрігерлер мен орта білімді медицина қызметкерлерін бөлу (2-қосымша);

2 2) әскерге шақырушылардың комиссияға келген күнінен бастап қанының тобын, резус-факторын, жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгісі вирусын анықтау, кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, электрокардиограмма, бруцеллезге қарсы тексеру жөніндегі жұмыстарға бақылау жасау;

3 3) анализдер тапсырту, және флюрографиядан, медициналық байқаудан өткізу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын (3, 4-қосымша).

6 6. Ауданның мекемелері мен кәсіпорындар басшыларына, (келісім бойынша) 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын (5-қосымша).

7 7. Әскер қатарына шақырылушы жастарды облыстық медициналық байқау комиссиясына, командаларға белгіленген шақырушыларды облыстық жиын пунктіне тасымалдау үшін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Ж. Қойшыбаев - келісім бойынша) жеке көлік иелерімен шарт жасасу ұсынылсын.

8 8. Аудандық қаржы бөлімі (Е. Алмағамбетов) 2010 жылға бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

9 9. Аудандық ішкі істер бөліміне (С. Жапақов - келісім бойынша):

1 1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге шақыру пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) белгіленген мерзімде әскерге шақыру комиссиясына келмеген адамдарды жедел іздестіріп тауып, сонымен бірге әскери қызметтен бой тасалау әрекеттеріне тосқауыл қойып, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;

3 3) командаларды көлікке отырғызып, жүргізіп жіберу, сонымен бірге шақырушылар колоннасын (шақырушылар санына қарамастан) жол полициясының қатысымен жүргізу ұсынылсын.

10 10. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.

11 11. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
__________ С. Жапақов
22.04.2010 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы, капитан:
__________ Ж. Қойшыбаев
22.04.2010 ж.
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері _________С. Айдаралиев
22.04.2010 ж.
"Жайықмұнайгаз" мұнай-газ
өндіру басқармасы бастығы:
_________ Д. Төреғалиев
22.04.2010 ж.

21 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

26 сәуірдегі № 79 қаулысына
1-қосымша
Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:

1 1. Қойшыбаев Жандарбек Бисенбайұлы - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі

бөлім бастығы, комиссия төрағасы,
(келісім бойынша);

2 2. Жанарыстанов Ғаллам - аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық

бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының
орынбасары;

3 3. Кереева Баян Жұмағалиқызы - аудандық емхананың емшібикесі, келісім

бойынша), комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:

4 4. Бижанова Роза Сембіқызы - аудандық емхананың аға дәрігері (келісім

бойынша);

5 5. Карабалина Сәнім Махмутқызы - әскери бөлімге шақыру және іріктеу бөлімшесі

бастығының аға көмекшісі (келісім бойынша);

6 6. Хисметуллин Ақан Ғалламұлы- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының

орынбасары (келісім бойынша).

28 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

26 сәуірдегі № 79 қаулысына
2-қосымша
Әскерге шақырылушыларды медициналық сараптаудан өткізетін
аудандық дәрігерлік комиссия құрамы:

1 1. Абдығали Рашадин - Хирург;

2 2. Балтабек Наталья - ЭКГ техник;

3 3. Бижанова Роза - аға дәрігер;

4 4. Бөлекбаева Роза - Жүйке, тамыр ауруының дәрігері;

5 5. Дюсалиева Бағила - тіс дәрігері;

6 6. Куанышова Ляззат - ЭКГ дәрігері;

7 7. Исақұлов Қайрат, Бөлекбаева Роза - психиатр;

8 8. Кабделова Гулбаршын - терапевт;

9 9. Қадыралиева Айымгүл - көз дәрігері;

10 10. Қуандықов Алексей - рентгенолог;

11 11. Мұханова Рая, Сахипова Хадиша - фтизиатр;

12 12. Сугіралиева Халима - қан тобын айырушы;

13 13. Төлегенова Нина - мұрын, құлақ, тамақ ауруларының дәрігері;

14 14. Емші бике - 4 (төрт) адам.

43 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

26 сәуірдегі № 79 қаулысына
3-қосымша
2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер
қатарына шақырылғандардың флюрография мен анализдер тапсыру
кестесі

Селолық округтер
Өтетін күндері
3.05.10
4.05.10
5.05.10
6.05.10
7.05.10
10.05.10
11.05.10
9.08.10
12.08.10
13.08.10
16.08.10
17.08.10
18.08.10
19.08.10
1
Аққыстау с/о
х
2
Тұщықұдық с/о
х
3
Новобогат
х
4
Жанбай
х
5
Нарын
х
6
Забурын
х
7
Исатай
х
Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада жүргізіледі.

44 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

26 сәуірдегі № 79 қаулысына
4-қосымша
Селолық округтер бойынша әскерге шақырушылардың
медициналық комиссиядан өту кестесі

Селолық округтер
Өтетін күндері
3.05.10
4.05.10
5.05.10
6.05.10
7.05.10
10.05.10
11.05.10
Қосымша күндер
1.09.10
2.09.10
3.04.10
6.09.10
7.09.10
8.09.
10
9.09.
10
1
Аққыстау с/о
х
12.13.14.05.27,28,05.1,2.06.10.10.09.16,17.09 23,24. 09.29.30.09.1.10.7,8,14,15,21,22,28,
29.10.10.4,5,ХІ,11,12,18,19,25,26.ХІ. 1,2.ХІІ.
2
Тұщықұдық с/о
х
3
Қамысқала
х
4
Жанбай
х
5
Нарын
х
6
Забурын
х
7
Исатай
х

45 Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

26 сәуірдегі № 79 қаулысына
5-қосымша
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы
бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі

Кәсіпорын, мекемелер атауы
саны
Бөліну күні
1
Жайықмұнай-газ өндіру басқармасы
1
3.05.2010ж.-27.07.2010ж.
2
Аудандық білім бөлімі
1
3.05.2010ж.-27.07.2010ж.
3
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
1
3.05.2010ж.-27.07.2010ж.

Қолданыстағы