Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года

Қаулы · № 187 · қабылданған 11.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-52951/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года Күшін жойған Қаулы ·№ 187 ·11.05.2010
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 187 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187
Қабылданған күні
11.05.2010
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI52951_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NL000140
ЭКБ идентификаторы
52951
Редакция идентификаторы
AI52951_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:12

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 23-бабына, 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген кезекті мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан–желтоқсанында жедел әскери қызметіне кезекті шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Селолық округтер, Қарабалық кенті және Тоғызақ селосының әкімдері:

1 1) медициналық комиссияға, аудандық шақыру комиссияның отырысына және әскерге жіберу үшін шақырушыларды хабарлау және өз уақытта келуді қамтамасыз етілсін;

2 2) әскери қызметті өту үшін әскерге жіберілетін шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырылсын.

3 3. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруды 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

4 4. "Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы әкімдік қаулысын орындау бойынша орындалған жұмыс туралы ақпарат Қарабалық ауданының әкіміне 2010 жылдың 1 шілдесіне және 2011 жылдың 1 қаңтарына ұсынылсын.

5 5. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына ұсынылсын:

1 1) қолданыстағы заңнаманың шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарып жатқан тұлғаларды iздестiру және ұстауды жүзеге асыру;

2 2) шақыру учаскесінің аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және Қостанай қаласының облыстық жинау пунктіне шақырушылардың жеткізуді қамтамасыз ететін колондарды шығарып салу үшiн полицияның наряды бөлiп шығарылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық аудандық ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Н. Нархов
"Қостанай облысы Қарабалық
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
______________ С. Әймүқанов
"Қарабалық аудандық
орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері
______________ Л. Панченко

Қолданыстағы