Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-4/118
- Қабылданған күні
- 22.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2011 52978_199764.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BK000119
- ЭКБ идентификаторы
- 52978
- Редакция идентификаторы
- 52978_199764
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:20
0 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы»Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, «Ақмола облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізу қамтамасыз етілсін.
2 2. Әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын 1 қосымшаға сәйкес құрылсын және бекітілсін.
3 3. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақырылуы тиіс азаматтарды шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4 4. Осы қаулы 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы Есіл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрлігі
Ақмола облысының
Ішкі істер департаменті
«Есіл ауданының
Ішқі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ.Х.Балтабаев
Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасы
жанындағы «Есіл орталық
аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері О.Қ.Қайсарбеков
«Ақмола облысының
Есіл ауданының қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж.Х.Меңбаев
Ақмола облысының
денсаулық сақтау басқармасы
жанындағы «Есіл аудандық
емханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының меңгерушісі Г.З.Сәрсембаева
7 Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Есіл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ A-4/118 қаулысына
1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Меңбаев Жанбота Хамитұлы
Ақмола облысының «Есіл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Бектемірова Ажар Арыстамбекқызы «Ақмола облысының Есіл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, төраға орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жапаров Дархан Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті «Есіл ауданы Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
Қойшыбаева Жібек Қабдешқызы Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті жанындағы «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт-дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісімі бойынша)
Италмасова Гүлім Мұратқызы Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті жанындағы «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
8 Азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақырылуы тиіс азаматтарды шақыруды өткізу кестесі бекітілсін
2 қосымша
Есіл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ A-4/118
қаулысымен бекітілген
Азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақырылуы тиіс азаматтарды шақыруды өткізу кестесі бекітілсін
№
аттары
комиссия жұмыстарының күндері
16.04
19.04
20.04
22.04
6.05.
11.05
17.05
1.
Ақсай селосы
14
2.
Біртал с/о
11
3
Бұзылық с/о
30
16
4.
Двуречный с/о
25
5.
Жаныспай с/о
21
6.
Заречный с/о
7
11
7.
Знаменский с/о
7
8.
Қаракөл с/о
4
9.
Красивый с/о
9
10.
Красногорский к.
12
11.
Курский селосы
15
12.
Московский селосы
10
13.
Орловка селосы
10
12
14.
Раздольный селосы
10
15.
Свободный селосы
10
16.
Юбилейный с/о
12
17.
Ярославка селосы
13
кестенің жалғасы
комиссия жұмыстарының күндері
8.06
1.10
4.10
6.10
12.10.
14.10
3.11
10.11
23.11
6.12
15
13
25
40
35
30
29
7
10
15
18
9
10
13
17
14
19