Об определении целевых групп населения на 2010 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ 115
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения на 2010 год
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 05.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI53122_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VD000134
- ЭКБ идентификаторы
- 53122
- Редакция идентификаторы
- AI53122_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:13
0 2010 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. 2010 жылға тұрғындардың келесi нысаналы топтары анықталсын:
1 1) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
2 2) балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
3 3) кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты үнемi күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
5 5) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты бойынша зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
6 6) мүгедектер;
7 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған адамдар;
8 8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарына босатылған адамдар;
9 9) оралмандар;
10 10) табысы аз адамдар;
11 11) мектептердi, техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12 12) жазғы демалыс уақытында студенттер мен мектеп оқушылары;
13 13) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушi – жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
14 14) өндiрiстi ұйымдастырудың өзгеруiне, соның iшiнде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күнi тәртiбiнде жұмыс iстейтiн адамдар;
15 15) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
16 16) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
17 17) 50 жастан асқан азаматтар.
2 2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.В. Қаһармановқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Риддер қаласының әкімі Д.Ю. Кавригин