Қолданыстағы ред. 24.12.2009

2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 24.12.2009 г. № 6 (2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы)

0

2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17 - бабының 3 - тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.
Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылсын.

2

2. Село, селолық округтер әкімдері өздері басқаратын әкімшілік аумақтық бірлікте орналасқан тиісті ұйымдардың басшыларымен келісе отырып шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілер тізімін Қорғаныс бөліміне берсін.

3

3. Мыналарға ұсынылсын:

1

1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Ақшабаев):
азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;

2

2) «Бейнеу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ж.Сүйінов):
шарттық негізде дәрігерлік шараларды өткізу;
Қорғаныс бөлімінің өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлу;
әскер жасына дейінгілердің 2010 жылдың 10 - қаңтарынан 31 - наурызы аралығында флюорографиядан, электрокардиограммадан өту талдамаларын, қан және дәрет сараптамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз ету;
шақыру учаскесін қажетті дәрі - дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жабдықтау;
тіркелгендерді сапалы медициналық куәландырумен қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда Медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгілерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастыру, бұл үшін емдеу орындарынан қажетті санда төсек - орын бөлу;

3

3) Қорғаныс бөліміне (С.Қабиев):
әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру;
тіркеу кезінде әскери оқу орындарын үміткерлерді іріктеу жүргізу;
2010 жылдың 10 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.

4

4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М.Нысанбаев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыру тапсырылсын.

5

5. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.

6

6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.