2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылдың қаңтар-наурызында Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17 - бабының 3 - тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін. Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылсын.
Тармақ 2
2. Село, селолық округтер әкімдері өздері басқаратын әкімшілік аумақтық бірлікте орналасқан тиісті ұйымдардың басшыларымен келісе отырып шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілер тізімін Қорғаныс бөліміне берсін.
Тармақ 3
3. Мыналарға ұсынылсын:
Тармақша 1
1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Ақшабаев): азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;
Тармақша 2
2) «Бейнеу аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Ж.Сүйінов): шарттық негізде дәрігерлік шараларды өткізу; Қорғаныс бөлімінің өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлу; әскер жасына дейінгілердің 2010 жылдың 10 - қаңтарынан 31 - наурызы аралығында флюорографиядан, электрокардиограммадан өту талдамаларын, қан және дәрет сараптамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз ету; шақыру учаскесін қажетті дәрі - дәрмектермен, құрал аспаптармен және медициналық мүліктермен жабдықтау; тіркелгендерді сапалы медициналық куәландырумен қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда Медициналық комиссияның жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгілерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастыру, бұл үшін емдеу орындарынан қажетті санда төсек - орын бөлу;
Тармақша 3
3) Қорғаныс бөліміне (С.Қабиев): әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру; тіркеу кезінде әскери оқу орындарын үміткерлерді іріктеу жүргізу; 2010 жылдың 10 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.
Тармақ 4
4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М.Нысанбаев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.