Аудан бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 07.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2011 · қолданыстағы 53204_209281.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CK000078
- ЭКБ идентификаторы
- 53204
- Редакция идентификаторы
- 53204_209281
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:02
0 Аудан бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 баптары негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында қабылданған Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 148 «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ойыл аудандық қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында есепте тұрған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
3 3. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Ж. Қамбаров) шақыру учаскесін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету;
«Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С. Смагулов) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуына тұрақты бақылау орнату ұсынылсын.
4 4. «Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (Ш. Қарабалина), «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» (М. Сембі) мемлекеттік мекемелері аудан бойынша әскерге шақырушыларға байланысты іс-шаралардың жоспарланған қаржы шегінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абдуллинге жүктелсін.
6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ойыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
7 маусымдағы № 92 қаулысымен бекітілген
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы
Казмуханов Молдашкали
Жұмағалиұлы
- Ойыл ауданы әкімі аппаратының
жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Текебаева Сәуле
Ақмырзақызы
-«Ойыл орталық аудандық аурухана»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы (келісім бойынша)
Аралова Нәзира
Әбдиғалиевна
-«Ойыл орталық аудандық аурухана»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының дәрігері, комиссия мүшесі
(келісім бойынша)
Елубаев Марат
Қожабекович
-«Ойыл аудандық қорғаныс істері бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Бюрин Әділбек
Кенжебайұлы
- Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары, полиция майоры,
комиссия мүшесі (келісім бойынша)