Құжат мәтініне өту

2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 320 · қабылданған 21.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.02.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-53205/?version=53205_209367.kaz
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 320 ·21.05.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 320 · қабылданған 21.05.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
320
Қабылданған күні
21.05.2010
Көрсетілген редакция
18.02.2013 · қолданыстағы 53205_209367.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
18.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CI000129
ЭКБ идентификаторы
53205
Редакция идентификаторы
53205_209367
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:08

0 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23, 44 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамттарын 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамттарын 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру күнінен 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін ұзартуға құқығы жоқ ер азаматтарды және шақырылудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүзеге асырсын.

2 2. 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Қандыағаш қаласыны және оған жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін «Шақыру учаскесі» болып, Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимараты болып белгіленсін;

Ембі, Жем қалаларының және оған жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін «Шақыру учаскесі» болып Ембі қаласының № 10 Кәсіптік лицейінің ғимараты белгіленсін.

4 4. «Мұғалжар аудандық емханасы» МКҚК бас дәрігері Ж. Төребаев (келісім бойынша) және «Ембі аудандық ауруханасы» МКҚК бас дәрігері З. Сарқұлова (келісім бойынша):

1 1) шақыру учаскелеріндегі медициналық жұмыстарына басшылық ететін дәрігерлік-медициналық комиссияларының төрағаларын, әскери-дәрігерлік сараптама саласында қажетті білімі мен жұмыс тәжірбиесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандардың шақыру жұмыстарына қатыстыруын қамтамасыз етсін;

2 2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды флюрографияға түсуін және қан тобын анықтау үшін зерттеу зертханасынан өткізуін ұйымдастырсын.

5 5. Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырушыларды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуды, оларды хабардар етуді ұйымдастырсын және шақыру учаскелеріне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.

6 6. «Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы Ғ. Асқаров қаржы қарастыру жүктелсін.

7 7. «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» ММ бастығы Ж. Әліқұлов (келісім бойынша):

1 1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру учаскелеріндегі және Мұғалжар аудандық емханасының, Ембі аудандық ауруханасының ғимараттарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;

2 2) шақырушыларды Мұғалжар аудандық шақыру комиссияларына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзіне беру мүмкіндік болмаған жағдайларда Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы хабарлаған кезде оларды іздестіру және келуін қамтамасыз етсін;

3 3) Мұғалжар ауданы бойынша ауылдық округтерінің азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде шақырылу учаскелеріне тиісті учаскелік полиция инспекторлары еріп жүруін қамтамасыз етсін.

8 8. «Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы Д. Танкиев (келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру аяқталғаннан кейін облыстық шақыру комиссияларын хабардар етсін.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ж. Құрмашевқа жүктелсін.

10 10. 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 қаулысы жойылды деп танылсын.

11 11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

17 Комиссия мүшелері:

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 мамырдағы
№ 320 қаулысына
ҚОСЫМША
2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы
Танкиев
Дастан Шыңғысұлы
"Мұғалжар ауданы қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі" ММ
бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша);
Алькенова
Ботакуз Қорқытбайқызы
"Мұғалжар аудандық мектепке
дейінгі және жалпыға бірдей
білім беруді дамыту, бақылау
жөніндегі білім бөлімі" ММ
бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Елманов
Сансызбай Түгелбайұлы
"Мұғалжар аудандық ішкі
істер бөлімі" ММ бастығының
орынбасары (келісім бойынша);
Кошенов
Серік Сағиданұлы
"Мұғалжар аудандық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық мекемесінің дәрігер
хирург, медициналық
комиссиясының төрағасы,
(келісім бойынша);
Берекетова
Фарида Төлегенқызы
"Мұғалжар аудандық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық мекемесінің
жасөспірімдер медбикесі,
комиссия хатшысы (келісім
бойынша)