Құжат мәтініне өту

Байғанин ауданы бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қаулы · № 86 · қабылданған 17.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-53407/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Байғанин ауданы бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 86 ·17.05.2010
11.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Байғанин ауданы бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 86 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Байғанин ауданы бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Атауы (қаз.)
Байғанин ауданы бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
86
Қабылданған күні
17.05.2010
Көрсетілген редакция
11.11.2013 · қолданыстағы 53407_209365.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CD000100
ЭКБ идентификаторы
53407
Редакция идентификаторы
53407_209365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:10

0 Байғанин ауданы бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 21, 23, 44баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға әскерге шақырған уақытта 18 жасқа толған азаматтарды, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ Қазақстан Республикасының ер азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.

2 2. Аудандық кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. «Байғанин аудандық орталық ауруханасы» МКҚК (О. Әбдин):

1 1) шақырушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшін тәжірибелі маман-дәрігерлерді, медбикелерді бөлсін;

2 2) 2010 жылдың 30 сәуірге және 1 қазанға дейінгі мерзімде Байғанин аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырушылардың жеке карталарын жеткізсін;

3 3) әскерге шақыруды жүргізу кезінде стационарлық емдеу орындарындағы шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы ақпаратты аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шұғыл түрде хабарласын.

4 4. «Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Омаров):

1 1) шақыру комиссиясының жұмысы уақытында тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;

2 2) шақырудан бас тартқан, әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарды іздестіруді, шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асыру ұсынылсын;

3 3) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне анықтама немесе алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын.

5 5. Селолық округтер әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырушыларға шақырылу туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

6

6. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш. Спанова) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақырушылардың жеке іс-қағаздарын дайындауға, шақыру қағаздарын таратуға қажетті адамдардың тиісті санын бөлуді қамтамасыз етсін.

7 7. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Боранбай) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекті мерзімді әскери қызметке тасымалдау шаралары үшін, аудан бюджетінен қарастырылған қаржы есебінен тиісті мөлшерде қаржы бөлсін.

8 8. «Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Құлниязов) аудан әкіміне 2010 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманғосқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

17 Комиссия мүшелері:

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 17 мамырдағы
№ 86 қаулысына
ҚОСЫМША
Аудандық кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы
Құлниязов
Алмас Якияұлы
«Байғанин аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі» ММ
бастығы, комиссия төрағасы
(келісімімен)
Айтқұлов
Бегендік Таскентұлы
«Байғанин ауданы әкімі
аппараты» ММ төтенше
жағдайлар жөніндегі бас
маманы, комиссия төрағасының
орынбасары (келісімімен)
Комиссия мүшелері:
Омаров
Асланбек Сүлейменұлы
«Байғанин аудандық ішкі
істер бөлімі» ММ бастығы
(келісімімен)
Әбдин
Оразбек Иманбайұлы
«Байғанин аудандық орталық
ауруханасы» МКҚК бас дәрігері
(келісімімен)
Құлданова
Жазира Ешмұханқызы
Байғанин аудандық емхананың
медбикесі, комиссия хатшысы
(келісімімен)

Қолданыстағы