Құжат мәтініне өту

О мероприятиях по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда области в 2010 году

Қаулы · № 224 · қабылданған 18.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-54554/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О мероприятиях по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда области в 2010 году Күшін жойған Қаулы ·№ 224 ·18.08.2010
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мероприятиях по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда области в 2010 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 224 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мероприятиях по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда области в 2010 году
Атауы (қаз.)
2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
224
Қабылданған күні
18.08.2010
Көрсетілген редакция
17.10.2011 54554_191085.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10S0001754
ЭКБ идентификаторы
54554
Редакция идентификаторы
54554_191085
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:32

0 2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15-бабы 3) және 11) тармақшаларына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар қоса берілген Жоспарға сәйкес іске асырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сапаровқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
төтенше жағдайлар
департаменті бастығының м.а.
Қ. Сүйіндіков
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитеті
Солтүстік Қазақстан облыстық
департаменті бастығының м.а.
А. Жүсіпов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті
Солтүстік Қазақстан облыстық
орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық
инспекциясы бастығының м.а.
Ж. Бәшіров

4 Облыс әкімдігінің 2010 жылғы

18 тамыздағы № 224 қаулысына
қосымша
2010 жылы облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с

Іс-шаралар
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
1
Өрт – химиялық стансаларды, өртке қарсы жасақтарды, тірек пункттерін қажетті персоналмен, өртке қарсы керек-жарақтармен, техникамен, жанар-жағармай материалдарымен толықтырылуын қамтамасыз ету.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Тұрақты
2
Орман өрттерін байқау және сөндіру құралдарының толық дайындығын қамтамасыз ету.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Тұрақты
3
Мемлекеттік орман мекемелері мен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы өңірлік бөлімшелерінің өрт қауіптілігі кезеңі дайындығына ұдайы тексеріс жүргізу.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша), табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Тұрақты
4
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауіпсіздігі тәртібін бұзуға кінәлі тұлғаларға жауапкершілік шараларын түсіндіре отыра, орман өртінің алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Тұрақты
5
Барлық өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман мекемелерінің техникалық құралдарды ормандарды өртке қарсы қорғауға байланысты жұмыстарға пайдалануын қамтамасыз ету.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Өрт қаупі маусымының аяқталуына дейін
6
Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңінде көлік құралдарының кіруін, табиғат ескерткіштері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қылқанды екпелерге жеке тұлғалардың баруын шектеу, кіретін жерлерге уақытша біріккен жол полициясы мен мемлекеттік орман күзетінің бекеттерін қою.
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері, ішкі істер департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңі
7
Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңінде мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың болуына тыйым салу.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Жоғарғы өрт қауіптілігі кезеңі
8
Шаруа қожалықтарымен және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарымен ауыл шаруашылық алқаптарында, жайылымдарда және пішендерде, орман қорына жақын орналасқан аумақтарда сабандарды, қалдықтарды және өзге де өсімдік қалдықтарын күйдіруге бақылауды қамтамасыз ету.
Аудан әкімдері, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша).
Тұрақты
9
«Қоршаған ортаға орман өртінің әсер етуі» тақырыбына жалпы мектеп жиналысын және сынып сағаттарын өткізу.
Аудан және Петропавл қаласының әкімдері, білім басқармасы.
Кесте бойынша
10
Орман және дала өртімен қамтылған аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау мәселелерін пысықтау.
Аудан әкімдері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша).
Кесте бойынша
11
Аудандық кеңестерде мүмкіндігіне қарай облыс ормандарын өрттен сақтау мәселелерін қарастыру.
Петропавл қаласы және аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (келісім бойынша).
Қажеттілігіне қарай
12
Орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді, өрт қауіптілігі кезеңінде өртке қарсы іс-шаралардың жедел жоспарын орындаулары бойынша және өрт сөндіргіш құралдарының бар-жоғына бақылауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша)
Тұрақты
13
Автомобиль жолдары жиегіндегі өртке қарсы минералдандырылған алқаптар мен жел қорғаушы орман алқаптарын тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті (келісім бойынша), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Тұрақты

Қолданыстағы