О предоставлении в 2010 году подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в Красноярский сельский округ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2010 году подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в Красноярский сельский округ
- Атауы (қаз.)
- Краснояр селолық округіне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін 2010 жылы бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-40/7
- Қабылданған күні
- 05.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2011 55944_177511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BA000132
- ЭКБ идентификаторы
- 55944
- Редакция идентификаторы
- 55944_177511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:00
0 Краснояр селолық округіне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін 2010 жылы бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Краснояр селолық округіне 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының көтерме жәрдемақысы бір маманға 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткішке тең сомада ұсынылсын.
2
2. Краснояр селолық округіне 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін бір маманға әлеуметтік қолдау - 630 (алты жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
3
3. Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № С-31/7 «Краснояр селолық округіне жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-114 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов
Ауылшаруашылық және
ветеренария бөлімінің бастығы Қ.Омаров