Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 3 · қабылданған 29.10.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-1994-ekb-55845/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы Қолданыста 29.10.2010 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қолданыста Өзге акт № 3 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
29.10.2010
Қолданысқа енгізілген күні
21.12.2011
Көрсетілген редакция
29.10.2010 · қолданыстағы AI55845_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10G0001762
ЭКБ идентификаторы
55845
Редакция идентификаторы
AI55845_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:03
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2011 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек-жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:

1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Садыбековке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында Жуалы ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Жуалы ауданының және кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1994 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Қырғызбаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

5. Осы Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.

6. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің

Жуалы аудандық ішкі істер

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бастығы полиция полковнигі

М. Қырғызбаев

29 қазан 2010 жыл

«Жамбыл облысының Жуалы ауданының қорғаныс

істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы подполковник

Ғ. Садыбеков

29 қазан 2010 жыл