Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2011-2013 годы в игорном бизнесе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога на 2011-2013 годы в игорном бизнесе
- Атауы (қаз.)
- Ойын бизнесіндегі бекітілген бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2011-2013 жылдарға белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48-2
- Қабылданған күні
- 18.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2011 58573_193704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11DH000176
- ЭКБ идентификаторы
- 58573
- Редакция идентификаторы
- 58573_193704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:50
0 Ойын бизнесіндегі бекітілген бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2011-2013 жылдарға белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1-қаңтардағы N 9187 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің 2011 жылғы 17-наурыздағы N 09-01/571 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Салық салудың айқындылығы және әділдігі принциптерін, барлық салық төлеушілер үшін базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу жұмыстарын іске асыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ойын бизнесіндегі бекітілген бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2011-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14-сәуірдегі "Белгіленген бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 38-5 шешімінің күші жойылсын. (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2-8-147, 27.05.2010 ж., жарияланды "Еңбекшіқазақ" газетінде N 23, 04.06.2010 ж).
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Мұрат Болатұлына және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5 Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихаттың 2011 жылғы
18-наурыздағы N 48-2
"Ойын бизнесіндегі бекітілген
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша
2011-2013 жылдарға арналған ойын бизнесіндегі бекітілген
бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
N
Салық салынатын
объектінің
атауы
Тіркелген салықтың
базалық
ставкаларының ең
төменгі мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіш көрсеткіш)
Тіркелген
салықтың
базалық
ставкаларының
ең жоғары
мөлшері (айлық
есептік
көрсеткіш көрсеткіш)
Бірыңғай
белгіленген
салықтар
(айлық
есептік
көрсеткіш көрсеткіш)
1
2
3
4
5
1
Бір ойыншымен
ойын өткізуге
арналған,
ұтыссыз ойын
автоматы
1
12
6
2
Біреуден артық
ойыншылардың
қатысуымен ойын
өткізуге
арналған
ұтыссыз ойын
автоматы
1
18
10