Құжат мәтініне өту

2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 189 · қабылданған 19.04.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 01.01.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2011-2013-ekb-58654/?version=AI58654_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста Қаулы ·№ 189 ·19.04.2011

2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қолданыста Қаулы ·№ 189 · қабылданған 19.04.2011

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
189
Қабылданған күні
19.04.2011
Көрсетілген редакция
01.01.2014 · қолданыстағы AI58654_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11UN000153
ЭКБ идентификаторы
58654
Редакция идентификаторы
AI58654_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:32

0 2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына және 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды және жұмыссыздар санын азайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2011-2013 жылдары жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Түлкібас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Мірқадыров) бекітілген тізбеге сәйкес 2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды жүзеге асырсын.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы тиісті қаржыландыру жылға арналған бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.

4 4. Түлкібас ауданының экономика және қаржы бөлімі (Т.Есембаева) ақылы қоғамдық жұмыстарға жалақы төлеуге қарастырылған қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

Д.Пралиевке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Түлкібас ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы С.С.Арапбаев
19 сәуір 2011 жыл
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының
Түлкібас аудандық бөлімшесінің бастығы Ғ.С.Ахылбеков
19 сәуір 2011 жыл
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының
Түлкібас филиалының басқарушысы А.С.Белгібаев
19 сәуір 2011 жыл
Түлкібас аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы С.А.Қасымбеков
19 сәуір 2011 жыл
Түлкібас аудандық архивінің директоры Ә.Е.Маматаева
19 сәуір 2011 жыл
Түлкібас ауданының
әділет басқармасының бастығы З.Н.Тюмебаев
19 сәуір 2011 жыл

7 Түлкібас ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 19 сәуірдегі
№ 189 қаулысымен бекітілген
2011-2013 жылдары жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

р/с
Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Көлемі (адам)
2011
жыл
2012
жыл
2013
жыл
1.
Ауылдық, поселкелік округтері әкімінің аппараттары мемлекеттік мекемелер
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау
15
15
15
2.
Ауылдық, поселкелік округтері әкімінің аппараттары мемлекеттік мекемелер
Жолдар құрылысы және оларды жөндеу, көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау, әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салу және жөндеу
125
135
145
3.
Ауылдық, поселкелік округтері әкімінің аппараттары мемлекеттік мекемелер
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру
225
225
225
4.
«Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету
20
20
20
5.
«Түлкібас аудандық архиві» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
12
12
12
6.
« Түлкібас ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
8
8
8
7.
«Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
15
15
15
8.
«Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Көгалдандыру ағаштарды отырғызу, күтіп ұстау
15
15
15
9.
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Түлкібас филиалы
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
5
5
5
10.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Түлкібас аудандық бөлімшесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
10
10
10
11.
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
5
5
5
12.
«Түлкібас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету
5
5
5
13.
«Түлкібас ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру
30
30
30
14.
«Тұраркент су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру
10
10
10
Барлығы:
500
510
520
Сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2011, 2012, 2013 жылдарға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар жұмыссыздардың жалақысына үстеме ақы белгілеуі мүмкін.