Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение и внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение и внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 22.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2021 57432_527049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000163
- ЭКБ идентификаторы
- 57432
- Редакция идентификаторы
- 57432_527049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:05
0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
2 2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
4
5 5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1, 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
1
1. Осы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабына және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес әзірленді.
Қағида облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
2 2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1 1) 2011 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде өңірлер бөлінісіндегі дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды;
2
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ автокөліктің тізбесін келіседі.
4
4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға; балалардың нысаналы топтарына «В» және «С» гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге; бастапқы медициналық санитариялық көмекке арналған шығыстарды теңестіруге; наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсету бөлігінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кеңейтуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті төлеуге (бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік); вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды, реналдық анемиясы бар бүйрек фукнциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды сатып алуға пайдаланылады.
5
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
6
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.
7
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған дәрілік заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратындарды емдеуге арналған препараттарды, реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
8
8. Осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.
9 9. Осы Қағидаға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
10
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.
11
11. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
12
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
13 13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.
1 2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі
Облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2011 жылға
арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
қағидасына 1-қосымша
2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі
Р/с
№
Атауы
1.
Рентгендік флюорографиялық стационарлық және жылжымалы цифрлық кешен
2.
Рентгендік цифрлық стационарлық және жылжымалы маммограф
3.
Ультрадыбыстық диагностика аппараты
4.
Биохимиялық талдағыш
5.
Рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат
6.
Гематологиялық талдағыш
7.
Өкпені жасанды желдету аппараты
8.
Ингаляциялық наркозға арналған аппарат
9.
Жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық және көліктік инкубатор (кювез)
10.
Жылытқышы бар реанимация үстелі
11.
Магниттік-резонанстық томографтар
12.
Қышқылды-негізгі жай-күйді талдағыш
13.
Литотриптер
14.
Эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық
15.
Ангиограф
16.
Жасанды қан айналымының аппараты
17.
Қан орталықтарына арналған жиынтық
18.
Ретиналды томограф
19.
Жиынтығында 12 мониторы бар орталық байқау станциясы
20.
Кардиохирургия мен нейрохирургияға арналған зерттеу опциясы бар компьютерлік томограф
21.
Сұйықтық цитология аппараты
22.
Аралас лазерліқ қондырғы
23.
Портативті неонаталды монитор
24.
Қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар нәрестеге арналған монитор
25.
Электрокардиография және артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу жүйесі
26.
Тредмил жүйесі
27.
Жылжымалы медициналық кешен
2 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылы жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
Облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2011 жылға
арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
қағидасына 2-қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылы жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
мың теңге
Р/с
№
Өнірлердің атауы
БМСК ұйымдарын жарақтандыру
Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру
Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру
Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру
1
2
3
4
5
6
1.
Ақмола облысы
91 836
-
57 565
219 963
2.
Ақтөбе облысы
97 344
58 930
55 344
173 310
3.
Алматы облысы
88 827
-
57 420
357 667
4.
Атырау облысы
119 452
58 930
27 672
152 011
5.
Шығыс
Қазақстан
облысы
106 467
94 285
55 344
428 956
6.
Жамбыл облысы
91 145
-
55 344
307 381
7.
Батыс Қазақстан облысы
139 200
56 000
27 672
110 549
8.
Қарағанды облысы
113 287
-
55 344
454 814
9.
Қостанай облысы
89 064
69 617
55 344
186 082
10.
Қызылорда облысы
91 290
70 716
27 672
136 853
11.
Маңғыстау облысы
34 352
117 860
38 164
413 547
12.
Павлодар облысы
89 043
70 714
27 672
231 748
13.
Солтүстік Қазақстан облысы
45 852
-
-
81 952
14.
Оңтүстік
Қазақстан
облысы
185 584
11 585
55 344
448 563
15.
Алматы қаласы
175 129
26 490
27 672
211 717
16
Астана қаласы
132 760
58 930
74 572
220 818
Жиыны:
1 690 632
694 057
698 145
4 135 931
кестенің жалғасы
Р/с
№
Аудандық, қалалық және облыстық ауруханал арды жарақтанд ыру
Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру
Магнитті-
резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру
Кардио-хирургиялық, кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру
7
8
9
10
1
159 982
30 000
-
-
2
111 433
-
-
-
3
65 490
-
547 495
231 500
4
75 434
-
-
-
5
76 779
-
-
231 500
6
19 634
30 000
-
231 500
7
80 873
-
-
-
8
215 250
-
-
-
9
64 485
30 000
-
-
10
146 415
-
-
-
11
103 781
-
180 000
-
12
123 808
30 000
-
-
13
68 565
-
178 000
149 710
14
102 150
-
-
237 394
15
172 869
-
-
231 500
16
66 957
-
-
-
Жиыны:
1 653 905
120 000
905 495
1 313 104
кестенің жалғасы
мың теңге
Р/с №
Өңірлердің атауы
Кардиологиял ық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру
Қан орталықтар ын жарақтанды ру
Санитариялық авиация қызметін жарақтандыру
Медициналық жылжымалы кешендермен жарақтандыру
Барлығы
1
2
11
12
13
14
15
1.
Ақмола облысы
102 489
-
26 951
171 000
859 786
2.
Ақтөбе облысы
102 489
72 392
23 572
171 000
865 814
3.
Алматы облысы
204 978
108 463
26 950
342 000
2 030 790
4.
Атырау облысы
102 826
96 847
26 951
171 000
831 123
5.
Шығыс Қазақстан облысы
204 978
-
26 951
342 500
1 567 760
6.
Жамбыл облысы
136 652
-
26 900
171 000
1 069 556
7.
Батыс Қазақстан облысы
68 326
178 901
26 600
171 000
859 121
8.
Қарағанды облысы
204 978
-
26 900
256 500
1 327 073
9.
Қостанай облысы
102 489
-
26 951
171 000
795 032
10.
Қызылорда облысы
68 326
87 955
26 951
171 000
827 178
11.
Маңғыстау облысы
67 226
-
26 951
172 000
1 153 881
12.
Павлодар облысы
68 326
85 625
26 951
171 000
924 887
13.
Солтүстік Қазақстан облысы
68 326
-
26 000
258 000
876 405
14.
Оңтүстік Қазақстан облысы
239 141
87 662
26 950
256 500
1 650 873
15.
Алматы қаласы
136 652
61 752
-
-
1 043 781
16.
Астана қаласы
136 652
-
-
171 560
862 249
Жиыны:
2 014 854
779 597
372 529
3 167 060
17 545 309
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысына
қосымша