О социальной помощи семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О социальной помощи семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына 2011 жылға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 835/6
- Қабылданған күні
- 19.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2014 AI55973_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PB000161
- ЭКБ идентификаторы
- 55973
- Редакция идентификаторы
- AI55973_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:54
0 Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына 2011 жылға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қалалық бюджеттен әлеуметтік көмектің мынадай түрін көрсетуді қамтамасыз етсін:
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) 2011 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.