Об организации общественных работ в городе Аксу и сельском регионе на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в городе Аксу и сельском регионе на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 855/6
- Қабылданған күні
- 27.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2011 AI56022_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PB000162
- ЭКБ идентификаторы
- 56022
- Редакция идентификаторы
- AI56022_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:52
0 Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8 және 20-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Тиісті жылға республикалық бюджетпен белгіленген қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің еңбекақысы ең аз жалақыдан кем емес мөлшерде, қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмысты орындайтын жұмыскерлер үшін ең аз жалақының бір жарым мөлшеріндегі мөлшерде жүргізілсін.
3 3. Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер (келісім бойынша) тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4 4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарына тарайды.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
6 Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстар түрлері
Ақсу қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 27 қараша № 855/6
қаулысына 1-қосымша
Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар
үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстар түрлері
1 1. Қаланың, ауылдық елді мекендердің аумақтарын жинауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек.
2 2. Жолдарды салуға және жөндеуге, су құбырларын, газ, кәріз және басқа коммуникацияларды жүргізуге көмектесу.
3 3. Тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салуға, қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге көмектесу.
4 4. Қаланы және ауылдық елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, және санитарлық тазалау, орман желектерін отырғызу.
5 5. Мәдени мақсаттағы (спорт жарыстары, фестивалдар, балалар спорт алаңдарының ғимараттары, сырғанақтарды, мұз қалашықтарын және басқаларды салуға) ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға көмек.
6 6. Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандарды (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ, төлқұжаттандыру, сайлау, жазылу науқандары және т.б.) өткізуге қатысу.
7 7. Қалада, кентте, ауылдар мен селолық округтерде коммуналдық меншік объектілерін күзетуге жәрдемдесу.
8 8. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету.
9 9. Шегіртке зиянкестерімен күрес.
10 10. Волонтерлер.
11 11. Қаланың тұрғын үй қорының лифтілерін сақтау.
12 12. Саяжай учаскелерін күзетуге жәрдемдесу.
13 13. Мемлекеттік органдарға, мекемелерге, ұйымдарға техникалық қызмет көрсетуге жәрдемдесу (әр түрлі төлемдерді жинау, жеке аулалардағы малдардың есебін жүргізу).
14 14. Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар (техникалық қызметкерлер құрамы).
15 15. Кешенді блок-модуліне (КБМ) қызмет көрсету және күзету.
22 Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің тізбесі
Ақсу қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 27 қараша № 855/6
қаулысына 2-қосымша
Ақсу қаласында және ауыл өңірінде жұмыссыздар
үшін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың,
ұйымдар мен мекемелердің тізбесі