Об организации общественных работ на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/03
- Қабылданған күні
- 07.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2011 AI56084_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KK000106
- ЭКБ идентификаторы
- 56084
- Редакция идентификаторы
- AI56084_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:47
0 2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі анықталсын (N 1 қосымша).
2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері анықталсын (N 2 қосымша).
3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген еңбекақының ең аз мөлшерінде жүргізілсін.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Салтанат Қалиқызы Аймағамбетова) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
1 1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
2 2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған акті мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
6 6. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/04 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-87, аудандық "Сарыарқа" N 7 газетінде 2010 жылғы 20 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 7 қараша
N 35/03 қаулысына
N 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бұқар жырау бөлімшесі" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
3. "Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
5. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
6. "Бұқар жырау ауданы бойынша салық Басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
7. "Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
8. "Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
9. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. "Бұқар жырау ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі.
12. Бұқар жырау ауданының селолар, селолық, ауылдық округтер және кенттер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері.
13. "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
14. "Бұқар жырау аудандық қылмыстық атқару жүйесі" мемлекеттік мекемесі.
15. "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
12 Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 7 қараша
N 35/03 қаулысына
N 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері