Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2011 году исполняется семнадцать лет

Өзге акт · № 15 · қабылданған 13.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-56181/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2011 году исполняется семнадцать лет Күшін жойған Өзге акт ·№ 15 ·13.12.2010
11.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2011 году исполняется семнадцать лет

Күшін жойған Өзге акт ·№ 15 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2011 году исполняется семнадцать лет
Атауы (қаз.)
2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
13.12.2010
Көрсетілген редакция
11.04.2011 56181_209607.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VA000154
ЭКБ идентификаторы
56181
Редакция идентификаторы
56181_209607
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:43

0 2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, ШЕШТІ:

1 1. 2011 жылғы қаңтар-наурызда 2011 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысындағы азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Александр Протозанов атындағы көшесі, 37 мекенжайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.

2 2. «Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Өскемен қаласы бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
«Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық
сақтау басқармасы Өскемен қаласы
бойынша бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Е. Омарбеков
«13» желтоқсан 2010 жылғы
«Өскемен қаласының қорғаныс
істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығының лауазымын уақытша атқарушы С. Құсаинов
«13» желтоқсан 2010 жылғы

Қолданыстағы