Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 10.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2011 · қолданыстағы AI56381_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZL000103
- ЭКБ идентификаторы
- 56381
- Редакция идентификаторы
- AI56381_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:44
0 Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Теректі ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3
3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Теректі ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4 4. Селолық округ әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды атқарсын.
5 5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 7. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. К. Кулбатыровқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Кожангалиев А. И.
07.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Теректі
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Сагинов Д. С.
08.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Теректі
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Мищенко А. А.
08.12.2010 ж.