Құжат мәтініне өту

О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году

Қаулы · № 320/12 · қабылданған 24.12.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-56413/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году Қолданыста Қаулы ·№ 320/12 ·24.12.2010
06.03.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году

Қолданыста Қаулы ·№ 320/12 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2011 году
Атауы (қаз.)
2011 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
320/12
Қабылданған күні
24.12.2010
Көрсетілген редакция
06.03.2014 56413_199947.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PI000125
ЭКБ идентификаторы
56413
Редакция идентификаторы
56413_199947
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:26

0 2011 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік-қорғаусыз санатындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тұрғындардың мақсатты топ құрамына кіретін тұлғалардың тізбесі толықтырылсын:

50 жастан жоғары тұлғалар;
Дәрігерлі-Кеңестік Комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулері бар тұлғалар;
бір де бір жұмыскері жоқ аз қамтылған отбасылардың жұмыссыздары.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздар үшін 70 әлеуметтік жұмыс орнын құру жөнінде мекемелер және ұйымдармен қосымшаға сәйкес жұмыс ұйымдастырсын.

4 4. Ауданның қаржы бөлімі бекітілген қаржы шегінде аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.

7 Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі

Лебяжі ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 320/12 қаулысына
қосымша
Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынушы жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі

1 1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнының ұйымына тапсырыс береді.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: кәсіпорындардың төлемге қабілеттілігі, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орнының техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің кәсіпорын қалыптарын сақтауы, Уәкілетті органдардың келісілген шарт мерзімінің өтуі бойынша жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.

3

3. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, көлемдері, еңбек төлемінің мөлшерлері мен жағдайы, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландырылу көздері, бағытталған жұмыссыздар саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орын қолданылуы мүмкін емес.

4 4. Уәкілетті орган тұрғындардың мақсатты тобының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін бағыт береді (жолдама).

5 5. Жұмыс беруші бағытталған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, онымен еңбек шартына отырады, техникалық қауіпсіздік нормаларға сәйкес жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.

6

6. Жұмыс берушілер аудан бюджетінің қаражатынан еңбек төлеу жөніндегі шығынды қайтару үшін ағымдағы жылғы әр айдың 20-на дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірімі, жұмыс уақытын есептейтін табельді, жұмысшылардың әлеуметтік жұмыс орнына қабылдануы туралы есеп және орындалған жұмыс актісін ұсынады.

7 7. Мақсатты топтың жұмыссыздардың жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушінің осы іріктеу тәртібін орындауды бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Қолданыстағы