Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Шемонаихинского района в 2011 году

Өзге акт · № 03 · қабылданған 30.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-56422/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Шемонаихинского района в 2011 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 03 ·30.11.2010
01.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Шемонаихинского района в 2011 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 03 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Шемонаихинского района в 2011 году
Атауы (қаз.)
Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
03
Қабылданған күні
30.11.2010
Көрсетілген редакция
01.04.2011 AI56422_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VS000136
ЭКБ идентификаторы
56422
Редакция идентификаторы
AI56422_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:50

0 Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы

Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша Шемонаиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алуы жүргізілсін және ұйымдастырылсын.

2 2. Тіркеуге алуды жүргізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Шемонаиха ауданының медициналық бірлестіктері» КМҚК директорына (Т.М. Абайделдінов, келісім бойынша):

1 1) медициналық комиссия білікті маман-дәрігерлермен, орта дәрігерлік мамандармен, қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жасақтау;

2 2) әскерге шақырушыларды клиникалық тексеру және емдеу үшін ауданның медициналық мекемелерінде қажетті төсек-орын санының бөлінуін қамтамасыз ету;

3 3) тіркеуге алу аяқталғаннан кейін әскер жасына дейінгілерді емдеу үшін маман-дәрігерлерді тағайындау;

4 4) 2011 жылы тіркеуге алынатын азаматтарды емдеу және медициналық куәландыруды өткізетін емдеу мекемесінің базасын анықтау ұсынылсын.

4 4. Қала, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдері әскери-есеп үстелінің мамандары мен оқу орындарының әскери басшыларының ілесуімен жасөспірімдердің тіркеуге алу комиссиясына уақытында келуі мен күні туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.

5

5. «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Т. Рамазанов, келісім бойынша) медициналық комиссия жұмысы кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарландыруы бойынша тіркеуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, шақыру учаскесіне жеткізуге көмек көрсету ұсынылсын.

6 6. Шемонаиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (М.Д. Чурбанов, келісім бойынша) Шемонаиха ауданының білім беру бөлімінің бастығына (А.А. Налимов) тіркеуге алу кезеңінде әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеуді жүргізу ұсынылсын.

7

7. Шемонаиха ауданы қаржы бөлімінің бастығы (Н.Р. Крузмягина) жасалған шарттардың негізінде және 2011 жылға арналған аудан бюджетімен анықталған бөлінген қаржы шегінде тіркеуге алу, медициналық комиссия жұмысын, техникалық қызметкерлерге және қызмет көрсететін персоналға еңбекақыны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Т.Д. Колтуноваға жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Шемонаиха ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
М. Чурбанов
Шемонаиха ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
Р. Рамазанов
«Шемонаиха ауданының медициналық
бірлестігі» КМҚК директоры
Т. Абайдельдінов

14 Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жылы 17 жасқа толатын ер азаматтарды 2011 жылы тіркеуге алуды жүргізу КЕСТЕСІ

Шемонаиха ауданы әкімінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 03 шешіміне қосымша
Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру
учаскесіне тіркеуге алынатын жылы 17 жасқа толатын ер
азаматтарды 2011 жылы тіркеуге алуды жүргізу
КЕСТЕСІ

р/с
Ауыл/кент
округ­те­рі
оқу орын.
ата­у­ла­ры
бар­лы­ғы
10.01.11
11.01.11
12.01.11
13.01.11
14.01.11
17.01.11
20.01.11
27.01.11
03.02.11
1
Ва­ви­лон
20
20
2
Вол­чан­ка
11
11
ке
3
Зе­ва­ки­но
13
13
л
4
Ка­ме­нев­ка
12
6
6
меу
5
Ок­тябрь­ский
14
14
6
Вы­дри­ха
15
15
7
Верх-Уба
16
15
1
8
Усть-Та­лов­ка
38
38
9
Ра­зин
8
8
10
Пер­во­май­ский
17
3
14
11
Ше­мо­наи­ха қ.
124
36
50
38
Бар­лы­ғы:
288
50
50
50
50
50
38
кестенің жалғасы:

р/с
Ауыл/кент
округ­те­рі
оқу орын.
ата­у­ла­ры
бар­лы­ғы
10.02.11
17.02.11
24.02.11
03.03.11
10.03.11
17.03.11
24.03.11
31.03.11
1
Ва­ви­лон
20
2
Вол­чан­ка
11
3
Зе­ва­ки­но
13
4
Ка­ме­нев­ка
12
5
Ок­тябрь­ский
14
ку
6
Вы­дри­ха
15
ә
7
Верх-Уба
16
лан
8
Усть-Та­лов­ка
38
ды
9
Ра­зин
8
ру
10
Пер­во­май­ский
17
11
Ше­мо­наи­ха қ.
124
Бар­лы­ғы:
288
Шемонаиха ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы                М. Чурбанов

Қолданыстағы