Об утверждении категорий граждан, имеющих право на социальные выплаты в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении категорий граждан, имеющих право на социальные выплаты в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158/28
- Қабылданған күні
- 24.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2014 56564_206079.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PD000093
- ЭКБ идентификаторы
- 56564
- Редакция идентификаторы
- 56564_206079
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:26
0 2011 жылы әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің" 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысына сәйкес және әлеуметтiк төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын анықтау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтiк төлем алуға құқылы келесі азаматтар санаттары бекітілсін:
1 1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
2 2) онкология ауруынан емделуді қажет ететін азаматтар;
3 3) табыстары азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;
4 4) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар, зейнеткерлер және 1, 2 топтағы мүгедектер;
5 5) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының жауынгерлері;
6 6) атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушы аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасындағы 18 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, ата–аналардың қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалар;
7
7) орта мектептердің түлектері - облыс әкімінің гранты бойынша ауданға қажет педагогикалық кадрлар, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындарында оқыту үшін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жетімдер;
8 8) табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аспаған аз қамтамасыз етілген отбасындағы студенттер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер – ауданға қажет педагогикалық кадр, медициналық қызметкер және басқа да мамандарды дайындау үшін;
9 9) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi;
10 10) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлгендер:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз жауынгерлік қызмет және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медалімен марапатталған тұлғалар;
қайтадан неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері;
бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайтадан неке құрмаған жесірлері;
гетто және шоғырландыру лагерлердің тұтқындары;
11
12 12) Ақтоғай ауданында тіркелген "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар және оқу орындарында анықталған туберкулезбен ауыратын жоғары оқу орындарынының және колледж студенттері;
13 13) үш тарапты келісімшарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курс және интернатура студенттері;
14 14) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
15 15) жерлеу үшін табысына және отбасы құрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары;
жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына қарамастан зейнетақылық жасқа дейінгі жұмыс істемегендер:ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар 55 жастан;
жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына және жасына қарамастан жұмыс істемеген Ауған соғысының іс-әрекетіне қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар;
16 16) табысына тәуелсіз балалық шағынан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасылары;
17 17) облыс әкімінің гранты бойынша оқыған аз қамтылған отбасы балаларынан басқа, ағымдағы жылы ауданға жұмысқа орналасуға келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектері және мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған жас мамандар;
18 18) табысына қарамастан өрт, су тасқыны және басқа апаттық жағдайлардан үй жиһаздарының, киім-кешектердің, пәтерлердің, мал ұстайтын қыстық тұрғын жайлардың толық немесе жартылай бүлінуінен өмір сүру үшін қаражатсыз қалған тұлғалар (бұрын алған бір жолғы көмекке қарамастан);
19 19) аз қамтамасыз етілген азаматтар:
жеке шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар санатындағы азаматтар;
жеке шаруашылығын дамыту, мал және қатты азық сатып алу мақсатында табыстары азық-түлік себетінен аспайтын азаматтар;