О предоставлении мер социальный поддержки на 2011 год специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Енбекшильдерского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальный поддержки на 2011 год специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Енбекшильдерского района
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылғы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-28/5
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2011 56680_199662.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BJ000133
- ЭКБ идентификаторы
- 56680
- Редакция идентификаторы
- 56680_199662
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:34
0 Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылғы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және алты жүз отыз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов