О предоставлении в 2011 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности Жанибекского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2011 году специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности Жанибекского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29-3
- Қабылданған күні
- 24.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2012 56777_204933.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZF000116
- ЭКБ идентификаторы
- 56777
- Редакция идентификаторы
- 56777_204933
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:26
0 Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсанындағы N 6-30/1001 хатын қарастырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Жәнібек ауданына ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде жетпіс есептік айлық көрсеткішке теңге сомада 2011 жылға көтерме жәрдемақы және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) Жәнібек аудандық мәслихатының "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 21-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-97 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2010 жылғы 5 ақпанда N 6 жарияланған);
2
2) Жәнібек аудандық мәслихаттың "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" N 21-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы 2010 жылғы 19 мамырдағы N 24-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-107 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2010 жылғы 18 маусымда N 24 жарияланған);
3
3) Жәнібек аудандық мәслихаттың "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" N 21-4 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы 2010 жылғы 16 шілдедегі N 25-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-109 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде 2010 жылғы 30 шілдеде N 30 жарияланған) шешімдердің күші жойылсын.