Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участкам в январе-марте 2011 года Зеленовского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участкам в январе-марте 2011 года Зеленовского района
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы Зеленов ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 194-1
- Қабылданған күні
- 24.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2011 56778_199149.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZG000124
- ЭКБ идентификаторы
- 56778
- Редакция идентификаторы
- 56778_199149
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:27
0 2011 жылы Зеленов ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Респуликасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есепке қою кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3
3. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Переметный ауылы тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4 4. Ауылдық (селолық) округтерінің әкімдері, азаматтарды шақыру учаскелеріне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5 5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор
_____________М. Есенов
24.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ғ. Ислямов
24.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________А. Өтепбаев
24.12.2010 ж.