Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2011 году подъемного пособия и бюджетного кредита специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Өзге акт · № 200 · қабылданған 24.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-56845/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О предоставлении в 2011 году подъемного пособия и бюджетного кредита специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Күшін жойған Өзге акт ·№ 200 ·24.12.2010
14.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2011 году подъемного пособия и бюджетного кредита специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты

Күшін жойған Өзге акт ·№ 200 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2011 году подъемного пособия и бюджетного кредита специалистам, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
200
Қабылданған күні
24.12.2010
Көрсетілген редакция
14.03.2012 AI56845_4.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CH000123
ЭКБ идентификаторы
56845
Редакция идентификаторы
AI56845_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:28

0 Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2, 3 тармақтарына және жоғарыда бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Мәртөк ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2011 жылы:

1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес  жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.

2 2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 % -ы мөлшерінде белгіленеді.

3

3. Аудандық мәслихаттың «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2010 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы» 2010 жылғы 05 ақпандағы № 152 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-106, 2010 жылғы 17 ақпандағы «Мәртөк тынысы» № 11 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы                   хатшысы
И. Жұмабаев                      А.Смағұлов

Қолданыстағы