Об организации общественных работ в 2011 году в Кызылжарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в 2011 году в Кызылжарском районе
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 532
- Қабылданған күні
- 28.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2010 AI57004_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SH000139
- ЭКБ идентификаторы
- 57004
- Редакция идентификаторы
- AI57004_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:23
0 2011 жылы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31, 37-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға бөлуді реттеу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері бойынша ұйымдастыру тізімі, еңбек төлемінің көлемі, мөлшері, түрі (бұдан әрі мәтін бойынша - Тізім) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3 3. Қоғамдық жұмыстарға сұраныс және ұсыныс анықталсын:
жұмыс орындарына мәлімделген қажеттілігінің санында – 400 адам;
жұмыс орындарына бекітілген қажеттілігінің санында – 400 адам.
4 4. «2011-2013 жылдарға Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-ІV Заңына сәйкес, қоғамдық қызметкерлердің ең төменгі жалақы көлемінде еңбекақы төленсін. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
5 5. Жұмыс берушімен қызметкерлер арасында бекітілген қарастырылған еңбек шарты, қоғамдық жұмыс шарты екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) 5 жұмыс күн ұзақтығымен анықталады, сегіз сағаттық жұмыс уақыты, түскі үзіліс-1 сағат, еңбек шартын жұмыс уақытын ұйымдастыру иілгіш формада қолданылсын.
6
6. Еңбек және техникалық қауіпсіздікті қорғау бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-саймандармен және жабдықтаумен, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлем, зиянды төлеу, зақымдану немесе басқа бұзылған денсаулық себептеріне, зейнеткерлік және әлеуметтік қаржы бөлу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізілсін.
7
7. «Қызылжар ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 22 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізбесінде № 13-8-118 тіркелген аудандық «Маяк» газетінде 2010 жылғы 19 наурызда, аудандық «Қызылжар» газетінде 2010 жылғы 1 сәуірде жарияланған), «Қызылжар ауданында 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 17 мамырдағы № 212 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізбесінде № 13-8-128 тіркелген аудандық «Маяк» газетінде 2010 жылғы 28 мамырда, аудандық «Қызылжар» газетінде 2010 жылғы 27 мамырда жарияланған) қаулыларының күші жойылған болып танылсын.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Колесниковке жүктелсін.
9 9. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан соң бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
10 Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 532
қаулысына қосымша
2011 жылға қоғамдық жұмыс түрлері бойынша еңбекақының көлемі және мөлшері, түрі, ұйымдастыру тізбесі
№
р/с
Ұйымныңатауы
Төленетін қоғамдық жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі
адам саны
1
"Архангелка селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді қардан тазалау-5900 м, аумақтың көлемі, ескерткіштердің маңы-1510 ш.м., көшелерді қоқыстардан жинау-30400 м, арам шөптерді жұлу-21200 м, ағаштарды кесу-55 түп, қоқыстан аумақты тазалау-16100ш. м., бұтақтарды кесу-240 бұта, ағаштарды ақтау-55 түп, ескерткіштерді ақтау, сырлау ішінара жөндеу-2 дана
13
2. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді қалыптастыру-240 іс
1
3. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1222 істі-аула бойынша аралау
2
2
"Асанов селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау-30000 кв.м., көшеттерді салу-400 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу-2000 кв.м., дуалдарды ақтау-5000 м, дуалдарды жөндеу-5000 кв.м
13
2. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
істерді қалыптастыру-170 іс
1
3. Қоқыс тастайтын жерлерді жайластыруға қатысу
қоқыс тастайтын жерлерді жайластыру-10000 кв.м
1
4. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
480 ауланы-аула бойынша аралау
3
3
"Березов селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
Село орталығындағы лас жерді және қоқысты көше аумақтарын қоқыстан тазалау, ескерткіштердің маңындағы аумақты тазалау-3790 кв.м., көше аумағын қоқыстан тазалау-69800 м, селоға шығу кюветтері бойынша-10000 м, ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-2 дана, қоршауларды жөндеу-100 м., ағаштарды ақтау-40 дана, көшеттерді отырғызу-25 дана, столбтерді ақтау-140 дана, село көшелері бойынша кюветтердегі шөптерді жұлу-7750 м., гүл отырғызатын жерледі бөлшектеу-400 кв.м., гүл отырғызу-240 кв.м., гүлдерді суару-700 кв.м., гүлдердің арамшөптерін жұлу-600 кв.м., ағаштарды кесу-30 дана
14
2. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1094 ауланы-аула бойынша аралау
3
3. Әкімдік, кітапхана ғимараттарын күзетуде көмек көрсету
Әкімдік ғимараты, кітапхана-441,5 кв.м
1
4. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-180 іс
1
5. Әкімдік ғимаратын от жағу кезеңінде от жағуда көмек көрсету
жылытылатын әкімдіктің ғимараты-50 куб. м
2
6. Құжаттарды жөндеуде және сақтауда көмек көрсету
26 іс (келетін құжаттарды сорттау, тігу және жапсыру)
1
4
"Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді жайластыруда көмек көрсету
көшелер мен аумақтарды қоқыстардан тазалау-933630 кв.м., қардан аймақты тазалау-13975 кв.м., орындықтарды сырлау-30 дана, столбтерді-40 дана, ағаштарды кесу-1390 дана, бүркекті тазалау-10 кв.м., гүл егілетін жерді қазу-2140 кв.м., гүлдердің арам шөбін жұлу-2900 кв.м., жол бойындағы шөптерді шабу-10400 м., дуалдарды орнату-24 пролет, дуалдарды жөндеу-45 м
17
2. Шаруашылық кестесі бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
5672 ауланы-аула бойынша аралау
28
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді дайындау-572 іс
4
4. Тұрғылықты тұратын мекен-жайы бойынша халықты тіркеу және құжаттауда көмек көрсету
3000 іс (құжаттарды қабылдау, картатекамен жұмыс)
2
5. Қоғамдық автобустарда бақылаушы ретінде көмек көрсету
10000 (билеттерді сату)
2
6. Қоқыс тастайтын жерлерді абаттандыруға қатысу
қоқыс тастайтын жерлерді жайластыру-3630 кв.м
2
7. Құжаттарды жөндеуде және сақтауда көмек көрсету
2250 іс (келетін құжаттарды сорттау, тігу және жапсыру)
2
5
"Бугровое селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді абаттандаруға көмек көрсету
көшелерді қоқыстардан тазалау-15710 м., көлдердің жағалауларын қоқыстан тазалау-9500 м., ағаштарды отырғызу-250 дана, ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-4 дана, дуалдарды ағарту және жөндеу-5000 м
10
2. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
612 ауланы-аула бойынша аралау
2
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-56 іс
4
6
"Вагулин селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
көшелер мен аллеяларды қоқыстан тазалау-25200 м., ағаштар мен столбтерді ағарту-110 дана, ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-4 дана, гүл егетін жерді дайындау және гүлдерді отырғызу-6 гүл егетін жер, көшелер бойынша шөптерді шабу-22000 м
9
2. Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1282 ауланы-аула бойынша аралау
4
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-116 іс
1
7
"Виноградов селолық округі әкімгінің аппараты" ММ
1. Селолық елді мекенді жайластыруда көмек көрсету
көшелерді қоқыстардан тазалау-25570 м., ағаштарды кесу-54, ағаштар мен столбтерді ақтау-120 дана, көше бойынша арамшөптерді жұлу-10000 м., ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-2 дана
11
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1512 ауланы-аула бойынша аралау
2
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-132 іс
1
4.Мәдениет үйін күзетуде көмек көрсету
Мәдениет үйін күзету-827,7 кв.м
2
8
"Долматов селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
көшелерді қоқыстардан тазарту-8000 м., арамшөптерден көше аймағындағы шөперді жұлу-5000 м., ағаш отырғызу-15 дана, гүлдерді отырғызу және суару-2 гүл егетін жер
10
2.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-102 іс
1
3. Әкімдік ғимаратын от жағу кезеңінде от жағуда көмек көрсету
34 куб.м. отындарды арту, түсіру жару, отын үйетін жерге үйіп қою
1
9
"Куйбышев селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
су ағатын арықтарды және трубаларды қоқыстардан тазалау-700 м., көшелерді қоқыстардан тазалау-12000 м., саябақты-1500 кв.м., зират маңындағы аймақты-6000 кв.м., гүл отырғызатын жерлерді бөлу-2 дана, дуалдарды жөндеу-330 м., жас ағаштарды кесу және шабу-50 ағаш
19
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1920 ауланы-аула бойынша аралау
5
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-200 іс
1
4.Қоқыс тастайтын жерлерді жайластыруға қатысу
қоқыс тастайтын жерлерді жайластыру-2045 кв.м
1
5.Мәдениет үйін күзетуде көмек көрсету
Мәдениет үйін күзету-757,9 кв.м
1
10
"Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
село көшелері бойынша қоқыстарды тазалау-38000 м., жолдың жағалауы бойынша қоқыстарды тазалау-26000 м., село көшелеріндегі арамшөптерді жұлу-35000 м., жолдың жағалауы бойынша-26000 м
20
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1260 ауланы-аула бойынша аралау
4
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-200 іс
2
11
"Лесной селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
қоқыстан аймақты тазалау-48500 кв.м., қолмен арбаға қоқыстарды арту-4 тн., ағаштардың бұтақтарын кесу-400 ағаш, ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-3 дана, село көшелеріндегі кюветтегі шөптерді шабу және тырналау-12000 м., село көшелері бойынша столбтерді ақтау-500 дана, дуалдарды әкпен қолмен ақтау-7200 м., село көшелері бойынша көшеттерді отырғызу-400 дана
9
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
820 ауланы-аула бойынша аралау
4
12
"Налобин селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
село көшелерін қоқыстардан тазарту-18,5 км., село көшелері бойынша арамшөптерді жұлу-18,5 км., ағаштарды кесу-563 дана
9
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1138 ауланы-аула бойынша аралау
2
3.Әкімдік ғимаратына отын жағу үшін отын дайындауда көмек көрсету
20 куб.м.-отындарды арту, түсіру, үйіп қою
2
4.Қоқыс тастайтын жерлерді абаттандыруға қатысу
қоқыс тастайтын жерлерді жайластыру-13000 кв.м
2
5.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-240 іс
2
13
"Новоникольск селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абатандыруға көмек көрсету
селодан шығатын жолдың жағалауындағы кюветтердегі қоқыстарды тазалау-8000 м., селоға кіретін жол жағалауындағы шөптерді шабу-8700 м., село көшелеріндегі арамшөптерді жұлу-16000 м., ағаштарды кесу-120 дана, столбтерді ағарту-210 дана, қоқыстарды арту-9 арба
3
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1038 ауланы-аула бойынша тексеру
3
14
"Петерфельд селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абатандыруға көмек көрсету
село орталығындағы аймақты қар мен мұздан тазалау-1000 кв.м., ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-3 дана, село көшелерін қоқыстардан тазалау-130900 м, аймақты қоқыстан тазалау-18800 кв.м., ағаштарды кесу-100 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлу-200 кв.м., зират және қараусыз қалған аймақтардағы арамшөптерді шабу-14600 кв.м., село көшелерінің жиегіндегі арамшөптерді жұлу-9840 м
8
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
2030 ауланы-аула бойынша тексеру
5
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-165 іс
1
4. Әкімдік ғимаратын от жағу кезеңінде от жағуда көмек көрсету
20,8 куб.м.-отындарды арту, түсіру, үйіп қою
2
5.Қысқа дайындыққа, әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеуде көмек көрсету
қабырғалар мен төбелерді ақтау-116,5 кв.м
2
15
"Прибрежный селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
көше аймақтарын қоқыстардан тазалау-93000 кв.м., көше бойынша арамшөптерді шабу-18000 кв.м., құрғақ көшеттер мен ағаштарды кесу-200 дана, ескерткіштерді ақтау сырлау, ішінара жөндеу-2 дана
9
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1244 ауланы-аула бойынша аралау
5
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-120 іс
3
16
"Рассвет селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
көше аймақтарын қоқыстардан тазалау-206960 кв.м. ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-2 дана, қоқыстарды арту және түсіру-11 а, столбтерді ақтау-116 дана
12
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1298 ауланы-аула бойынша тексеру
4
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-47 іс
1
4.Қысқа дайындыққа, әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеуде көмек көрсету
ақтау-1209 кв.м., еденді-108 кв.м., терезені-9 дана сырлау
2
17
"Рощинск селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
көшелерді қоқыстардан тазалау-2000 м., көшеттерді отырғызу-50 дана, столбтерді ақтау-70 дана, жас қайыңдарды орманға отырғызу-2000 кв.м., ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-2 дана
8
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1424 ауланы-аула бойынша тексеру
3
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-185 іс
2
4. Әкімдік ғимаратын от жағу кезеңінде от жағуда көмек көрсету
443,6 кв.м.-әкімдік ғимаратын жылыту
1
18
"Светлопольск селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абатандыруға көмек көрсету
село көшелерінің аймағын қоқыстардан тазарту-22000 м., село орталығындағы аймақты-1000 кв.м, зират маңайын-3000 кв.м,стадион 1800 кв.м., бұзылған үйлер аймағын-1700 кв.м., аллеялардың бұталарын қырқу-1000 кв.м., село көшелері бойынша арамшөптерді жұлу-30000 м., зират маңайындағы аймақты-3000 кв.м., стадион-1800 кв.м.,бұзылған үйлер аймағын-2000 кв.м., аллеяларды, 400 кв м., гүл отырғызатын жерлерді бөлу-700 кв.м.,столбтерді ақтау-112 дана
12
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1120 ауланы-аула бойынша аралау
2
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-136 іс
1
19
"Соколовка селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
аумақты қардан тазалау-25000 кв.м., көше аймақтарын қоқыстардан тазалау-87400 кв.м., жас ағаштарды кесу-250 ағаш, жасыл қоршауларды кесу-182 кв.м, ескерткіштерді ақтау, сырлау, ішінара жөндеу-2 дана, ағаштарды ақтау-80 ағаш, столбтерді ақтау-101 дана, жиектерді-600 п.м., қоршауларды-450 кв.м., бағаналарға оюларды салу-101 дана, металды дуалдарды сырлау-150 кв.м., гүл егетін жерлерді бөлу-900 кв.м., арамшөптерді жұлу-87400 кв.м
22
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
2262 ауланы-аула бойынша тексеру
4
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-300 іс
2
4.Тұрғылықты тұратын мекен-жайы бойынша халықты тіркеуде және құжаттауда көмек көрсету
1200 құжатты (келетін құжаттарды сорттау, тігу және жапсыру)
2
5.Мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды орындауға қатысу
шырша тұрғызу және ағаш төбешіктерді орнату үшін, аудан аймағындағы қарларды тазалау-900 кв.м, мүсіндерді ойып салу үшін, қар дайындау-15 дана
3
6.Қоқыс тастайтын жерлерді жайластыруға қатысу
қоқыс тастайтын жерлерді жайластыру-15900 кв.м
2
20
"Якорь селолық округі әкімінің аппараты" ММ
1.Селолық елді мекенді абаттандыруға көмек көрсету
көшелердің қоқыстарын тазалау-23500м., көше бойынша арамшөптерді жұлу-30400 м, ағаштардың ұшар басын кесу-120 дана
13
2.Шаруашылық кітабы бойынша жазбаларды анықтау үшін аула бойынша аралап шығу
1840 ауланы-аула бойынша тексеру
6
3.Жұмыспен қамту мәселесі бойынша және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсету
Істерді даярлау-380 іс
1
4. Әкімдік ғимаратын от жағу кезеңінде от жағуда көмек көрсету
25 куб.м.-отындарды арту, түсіру, үйіп қою
2