О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 23.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2013 AI57130_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CC000119
- ЭКБ идентификаторы
- 57130
- Редакция идентификаторы
- AI57130_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:32
0 2011 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18-ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 21 ақпандағы № 3 «2010 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы беру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-103 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 15-16 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы: А. Кайрушев