О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредит для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредит для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 23.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2012 AI57131_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CM000143
- ЭКБ идентификаторы
- 57131
- Редакция идентификаторы
- AI57131_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:31
0 2011 жылға ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау мақсатында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2, 3 тармақтарына және жоғарыда бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Шалқар ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарына 2011 жылы:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме ақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2 2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасын жылдық 0,01 % мөлшерінде белгіленеді.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
С.Әйтенов С.Тулемисов