Об организации в 2011 году приписки граждан к призывному участку
Қолданыста
Өзге акт
№ 19
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации в 2011 году приписки граждан к призывному участку
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 27.12.2010
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2010 57134_174473.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10GA000125
- ЭКБ идентификаторы
- 57134
- Редакция идентификаторы
- 57134_174473
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:23
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
2011 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. «Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (С.И. Мельников - келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
2. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысында белгіленген тәртіппен азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өтуі ұйымдастырылсын.
3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (К.Досанов - келісім бойынша) өз құзыреттері шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы Шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары С. Мәдиеваға жүктелсін.
5. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.И.Мельников
27 желтоқсан 2010 жыл
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығының м.а.
К.Досанов
27 желтоқсан 2010 жыл