Об организации и обеспечении приписки граждан призывным участкам в январе-марте 2011 года в Сырымском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан призывным участкам в январе-марте 2011 года в Сырымском районе
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы Сырым ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 31.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2012 57200_202060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZJ000098
- ЭКБ идентификаторы
- 57200
- Редакция идентификаторы
- 57200_202060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:19
0 2011 жылы Сырым ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Сырым ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструменттармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
4 4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________К. Маканов
31.12.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, денсаулық сақтау
басқармасының "Сырым
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның
директоры
_____________А. Дүйсенгалиев
31.12.2010 ж.