Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок налогов и стоимости разовых талонов по Бурлинскому району на 2011 год

Өзге акт · № 24-2 · қабылданған 22.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-57201/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении ставок налогов и стоимости разовых талонов по Бурлинскому району на 2011 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 24-2 ·22.12.2010
27.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок налогов и стоимости разовых талонов по Бурлинскому району на 2011 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 24-2 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок налогов и стоимости разовых талонов по Бурлинскому району на 2011 год
Атауы (қаз.)
Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24-2
Қабылданған күні
22.12.2010
Көрсетілген редакция
27.12.2011 57201_194527.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZC000107
ЭКБ идентификаторы
57201
Редакция идентификаторы
57201_194527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:35

0 Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Жер салығының ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың қызмет түрлерінің біржолғы талондардың құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4 4. Тіркелген салықтың ставкалары 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.

6 Бөрлі аудандық мәслихатының

2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 1-қосымша
Жер салығының ставкалары

1

1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабы негізінде, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда, бонитет балына барабар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 383-бабымен белгіленген базалық салық ставкасынан 50%-ға жоғарылатылсын.

2

2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабы негізінде, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары (теңге) Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381-бабында белгіленген базалық салық ставкасынан 30%-ға жоғарылатылсын.

3

3. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабы негізінде, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын базалық салық ставкалары он есе ұлғайтылсын, 43,40 теңгені құрайды.

10 Бөрлі аудандық мәслихатының

2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 2-қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын
Қазақстан Республикасының азаматтары
мен оралмандардың қызмет түрлерінің
біржолғы талондардың құны
Қызмет түрлері (барлық базарларда)
Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде)
1
Бір сауда орнынан сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):

1 1) Газеттер мен журналдар

130

2 2) Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдары

130

3 3) Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер

130

4 4) Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері

130

5 5) Жануарлар мен құстардың жемдері, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балық

130
2
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызмет
130
3
Үй жануарлары мен құстарын бағу
130

16 Бөрлі аудандық мәслихатының

2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 3-қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Қызмет түрлері
Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде)
Орталық киім базары "Бестау"
1. Көлемі 7 шаршы метр бір сауда орнынан:

1 1) киім, аяқ киім, мата және басқа да материалдар

260

2 2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдер

260

3 3) мех және былғары өнімдері, тұрмыстық машиналары және приборлар

260
Ақсай ауыл шаруашылық көтерме және бөлшек сауда базары
1. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан:

1 1) киім, аяқ киім, мата және басқа да материалдар

200

2 2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдер

200

3 3) шаруашылық тауарлары

200

4 4) кілемдер және кілем өнімдері

200

5 5) шаруашылық, құрылыс тауарлары, тұрмыстық химия өнімдері, кеңсе тауарлары

200

6 6) мех және былғары өнімдері, қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдар

220
2. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан:

1 1) азық түлік өнімдері

200

2 2) балық, шұжық және ет өнімдері

330
3. Көлемі 2 шаршы метр болатын бір сауда орнынан:

1 1) ет сату

330
4. Азық түлік және басқа тауар өнімдерін контейнерден сату
270
5. Палаткалардағы сауда
270
6. Дайындалмаған сауда орындағы сауда
200

29 Бөрлі аудандық мәслихатының

2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 4-қосымша
Тіркелген салық ставкалары
N
Салық салу объектісі
Салық салу объектісінің бірлігі
Тіркелген салықтық базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
Бір ойын автоматы
5
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
Бір ойын автоматы
7
3
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
Бір компьютер
3
4
Ойын жолы
Бір ойын жолы
12
5
Карт
Карт
9
6
Бильярд үстелі
Бір ойын үстелі
10

Қолданыстағы